Хорог қаласындағы ОАУ кампусының құрылысы қарқынды жүріп, оң өзгерістер әкелуде

Date: 03 December 2015
Университеттің Құрылыс және пайдалану қызметтері басқармасының директоры Грант Робертсонның айтуы бойынша, Хорог қаласындағы (Тәжікстан) Орталық Азия Университеті (ОАУ) кампусының құрылысы 2017 жылдың қыркүйек айында ашылуды көздейтін жеделдетілген кестеге сәйкес жүргізілуде.   
 
«Бас кезінде біз құрылыстың бірінші кезегін 2018 жылы аяқтауды жоспарлаған едік, бірақ қазір кампустың ашылуын бір жыл бұрын – 2017 жылы жасауды мақсат етіп отырмыз», – деп мәлімдеді Робертсон, жуықта құрылыс алаңынан барып, құрылыс бригадасын жұмыстарды қарқынды және жоғары сапада орындауымен құттықтағаннан кейін. 
 
Теңіз деңгейінен 2 200 метр бикітікте, таулы жерде орналасқан Хорог қаласындағы ОАУ кампусына жоғарыдан көрініс.
 
Хорогтағы кампус бүкіл өңір бойынша салынып жатқан ОАУ үш кампусының бірі болып табылады. ОАУ жұмысқа толық көлемде кіріскеннен кейін оның Хорог (Тәжікстан), Нарын (Қырғыз Республикасы) және Текелі (Қазақстан) қалаларында өз кампустары болады. Нарын кампусының ашылуы 2016 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр, ал қазіргі уақытта егжей-тегжейлі жобалау кезеңіндегі Текелі қаласындағы кампустың ашылуы 2019 жылға жоспарланған.  
 
 
Хорог қаласындағы кампустың оқу корпусы, онда кітапхана, дәрісханалар, компьютерлік зертхана, асхана, әкімшілік кеңселер, қабылдау бөлімі мен профессорлық-оқытушылық құрамға арналған тұрғын жайлар бар.
 
«Біз Хорог қаласындағы құрылыстың ілгері жылжуына ризамыз. Алайда біз үшін одан да маңыздысы – Хорог қаласындағы кампус өз есігін ашқанына дейін ОАУ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатына терең оң әсерін тигізіп отырғандығы. Жергілікті халық үшін барынша пайда тигізудің мұндай саясаты біздің нарындық кампус құрылысының барысында да табысты жүзеге асырылды», – деп атап өтті ОАУ Атқару комитеті Кеңесінің Атқарушы төрағасы ШамшКассим-Лакха.
 
ОАУ Құрылыс және пайдалану қызметтері жөніндегі басқарма директоры Грант Робертсон құрылысшыларды жұмыстарды жедел және жоғары сапада орындауымен құттықтауда.
 
Шамш Кассим-Лакха ОАУ-нің құрылысты дербес басқару бойынша инновациялық және барлығын қамтитын стратегиясын меңзеп тұр, ол 285 миллион АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялардан аумағында құрылыс жүргізіліп отырған қауымдастықтар үшін әлеуметтік-экономикалық пайданы барынша арттыру және тиімділік пен тұрақтылық саласында озық тәжірибені енгізуге арналған. Осы стратегияға сәйкес, ОАУ бірнеше мердігерді тартып, жұмыс істеуде, олардың әрқайсысы нақты жұмыс көлемін орындаумен айналысады. Бұл жүргізілетін жұмысты жақсырақ бақылауға мүмкіндік беріп қана қоймай, жергілікті мердігерлер мен жеткізушілерді тарту есебінен жергілікті экономиғаға ықпал ету бөлігінде әлеуетті арттырумен қатар, мердігерлерді тағайындау кезінде икемділік те береді.  
 
Сондықтан орындарда құрылыс жұмыстарына басшылық ететін инженерлер мен менеджерлерден құрылған Университеттің тұрақты командасы, әкімшілік орталығы болып Хорог қаласы табылатын, толығымен Тау-Бадахшан автономдық облысы (ТБАО) өкілдерінен тұрады. Объектіде жұмыс істейтін құрылысшы-жұмысшылардың 95 пайызы және 20 аса мердігер осы өңірдің өкілдері болып табылады. Өңір сыртынан тартылған мердігерлердің өздері экономикалық міндеттемелерді көтереді. Мысалы, имараттардың жер асты және жер үстілік бөліктер құрылысы жөніндегі мердігер, «Турас» бірлескен түрік-тәжік кәсіпорны Хорого қаласының салық органдарында есепте тұр – осындай есепке құрылыс жұмыстары үдерісіне тартылатын тағы да басқа шетелдік мердігерлер қойылатын болады. 
 
«Маған осы Хорогта қалған отбасымды асырау үшін Ресейде жұмыс істеуге тура келді, бірақ менің ол әрекетімнен түк шықпады. Осы жазда мен Мәскеудегі жұмысыма ұқсас жұмысты осы жерден, «Турас» компаниясы жүргізетін ОАУ құрылысы бойынша учаскеден таптым. Мен өз үйімнің жанында табыс табудың мүмкіндігі бар екендігін түсіндім. Мен өмірімде бірінші рет еңбек етіп, отбасымды күнде көру қуанышына кеңелдім. Орталық Азия Университетіндегі жұмыс менің өмірімді өзгертті», – деп бөлісті Фаридун Худобакшов, қалыпшы/арматурашы.
 
Тұрақты жұмыс ұсынумен қатар, ОАУ құрылыс алаңындағы жұмысшыларды субсидияланатын тамақтану мен халықаралық стандарттарға сай келетін санитарлық-тұрмыстық объектілерге қол жеткізумен қамтамасыз етеді. Хорогтық компаниялардың бірімен күніне 600 тамақ үлесін жеткізуге келісімшарт жасалды. 
 
«ОАУ құрылыс учаскесіндегі заманауи және санитарлық-тұрмыстық жайлар, сондай-ақ қолжетімді тамақтану жүйесіне дизайны мен сапасы бойынша тең келетіндер жоқ. Бұрынырақ мен шетелдік құрылыс компаниясының асханасында аспазшы болып жұмыс істедім. Айту керек, ОАУ асханасындағы тамақтану – жоғары деңгейде, – деп атап өтті ОАУ асханасының операторы және бас аспазшысы Умед Гуломасейнов.
 
7 миллион АҚШ доллларына бағаланатын учаскедегі дайындық жұмыстары сондай-ақ келісімшарттар жасалған хорогтық компанияларға тапсырылды. Қазіргі уақытта қатысып отырғандардың көпшілігі ОАУ кәсіби-техникалық білім беру (КТО) бағдарламасының түлектері болып табылады. Оқушыларының өзі салған заманауи жайдың ішінде оқытылатын КТО бағдарламасы бүгінгі таңда 590 оқушыны қамтиды. Жұмысшылар сондай-ақ құрылыс учаскесінде жұмыстан қол үзбей, дағдыларын іс жүзінде қолдана отырып, білім алу мүмкіндігіне ие болып отыр.    
 
ОАУ учаскеде, бетон араластырғыш қондырғыны қоса алғанда, Нарын қаласындағы құрылыс учаскесінен тасымалданған құрылыс техникасын орнатты.  Сондай-ақ, Университет бетон жасауда пайдаланылатын, учаскеде өндірілетін және ұсақталатын өңделмеген тастан жасалатын қиыршық тас пен құмды қоса алғанда, жергілікті материалдарды пайдаланады.
 
«Оқыту мен түрлі мүмкіндіктерді ұсыну, құрылыс алаңында қажет жабдық орнатып және жергілікті материалдарды пайдалана отырып, ОАУ жергілікті әлеуетті дамытады және алыс учаскелерден тасымалдау кезінде көміртектің шығарындыларын болдырмауға тырысады. Мұның барлығы - өңірде болашақ жобалар шеңберінде қолданылуы мүмкін ресурстар мен практикалық тәжірибе», – деп хабарлады ТБАО Рушан ауданынан келген ОАУ атқарушы директоры МузаффарДжорубов.
 
ОАУ бакалавриат бағдарламасы үшін студенттердің алғашқы тобын іріктеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Хорог кампусындағы алғашқы екі оқу бағдарламасы болып «Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар» және «Экономика» (бакалавриат) табылады, олар Нарындағы «Компьютерлік ғылымдар» мен «Бұқаралық ақпарат және коммуникация құралдары» бағдарламаларын толықтырады. Орталық Азия аумағында таулы қауымдастықтардың проблемаларын шешу және олар үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етумен айналысатын ОАУ таулы қауымдастықтар зерттеулері институты Бішкектен (Қырғыз Республикасы) хорогтық кампусқа ауыстырылады.
 
Жалпы құны 9434 миллион АҚШ долларын құрайтын Хорогтағы кампус құрылысының бірінші кезегі Ага Ханның Қоры ұсынған 7,5 млн. АҚШ доллары мен АҚШ шетелдік меншік корпорациясы – Америка Құрама Штаттары Үкіметінің даму саласындағы жобаларды қаржыландыру бойынша ұйымы ұсынған 30 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі ұзақ мерзімді жеңілдік кредитті қоса алғанда, Ага Ханның Даму жөніндегі ұйымдары (AKDN) ұсынған 64,4 млн.АҚШ доллары мөлшерінде қаражаттан қаржыландырылады.
 
 
Фотогалерея:

Новости по теме: