ОАУ 2016 оқу жылына талапкерлерді қабылдау бойынша инаугурациялық науқанды өткізуге кірісуде

Орталық Азия Университеті (ОАУ) бүкіл Орталық Азия бойынша ауылдық және қалалық мектептердің талаптарға сай келетін оқушыларын университетке түсуге тарту мақсатында талапкерлерді қабылдау бойынша науқанды өткізуге кірісті. ОАУ – оқу барысында бір орында тұрғылықты тұру мүмкіндігін ұсынатын Орталық Азиядағы алғашқы университет - әлемдік деңгейдегі білім беруді көлемді шәкіртақылар мен жеңілдік беретін студенттік кредиттер есебінен баршаға қолжетімді етуге аса мүдделі болып отыр.    
 
Университеттің алғашқы кампусы 2016 жылдың қыркүйек айында Нарын қаласында (Қырғыз Республикасы) ашылады. Студенттер ОАУ ұсынатын халықаралық деңгейдегі пәндерді оқуға дайындалу үшін бір жылдық даярлық бағдарламасынан бастап, бакалавр дәрежесін алу үшін бес жыл оқитын болады. Содан кейін гуманитарлық білім берудің солтүстік-америкалық бағдарламалар үлгілері бойынша әзірленген қатаң негізгі оқу жоспары бойынша жалпы білім алудың екі жылы жүреді. Соңғы екі жыл «Компьютерлік ғылымдар», және «Коммуникациялар және бұқаралық ақпарат құралдары» сияқты диплом алды мамандануға арналатын болады. Ашылуы Хорог қаласында (Тәжікстан) 2017 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отырған екінші кампус «Экономика» және «Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар» атты бағдарламалар бойынша оқытуды ұсынатын болады. 
 
Ағымдағы іріктеу Нарын қаласы, сондай-ақ Хорог қаласындағы кампустарда ұсынылатын мамандықтар бойынша оқуға қабылданатын оқушылар үшін жүргізіледі. Мамандығы Тәжікстанмен байланысты студенттер 2017 жылы Хорог қаласына ауыстырылады. Текелі қаласындағы (Қазақстан) кампусты 2019 жылы ашу жоспарланып отыр және онда «Техникалық ғылымдар» мен «Бизнес және басқару» сияқты пәндер бойынша мамандану бағдарламалары ұсынылады. Барлық үш кампусты Жапонияның әйгілі архитекторы Арата Исозаки жобалаған, және олар керемет таулардың табиғи ортасында орналасқан.    
 
Ағылшын тілінде оқытылатын ОАУ бакалавриатының бағдарламасы Орталық Азияның еңбек нарығындағы қажеттіліктермен тығыз байланысты бейіндік және басқа да пәндерді ұсынады. ОАУ өңірдегі студенттер мен оқытушылар санының арқатынасын (1-ге 9) қолдайды және ең жаңа, заманауи білімдік кешендерде білім алуды ұсынады. Университетке қабылдау академиялық көрсеткіштер негізінде жүзеге асырылады; ешбір студентке қаржылық ауыртпалықтар себебінен оқуға түсуге кедергі келтірілмейді. ОАУ академиялық үлгерімге негізделген  шәкіртақылар, қажеттілігіне қарай берілетін гранттар, сондай-ақ қолжетімді шарттармен берілетін студенттік кредиттерден тұратын мол қаржылық көмекті ұсынады.   
 
“Орталық Азия Университетінің кампусытары бірегй академиялық қауымдастықты білдіретін болады. Біздің студенттер түрлі елдерден келетін болады. Жетекші университеттерде докторлық дәрежелерге ие болған, біліктілігі жоғары оқытушылар ерекше зияткерлік ресурс болып табылады, бүкіл дүние жүзі бойынша жетекші ЖОО-мен серіктестік қатынастарды қолдайтын болады; бұл ОАУ-не студенттердің таланттарын ашатын және күш-қуатын ерік беретін білімдік және қоғамдық өмірдің жарқын тәжірибесін ұсынатын болады, және оларға өз қауымдастықтарында көрнекті тұлғаның қалыптасуына бағыт алуға көмектеседі», - деп есептейді ОАУ Бас директоры және Жоғары мектебінің ректоры д-р Богдан Кравченко. 
  
Қабылдау комиссиясы Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасына ақпан және наурыз айларында барады. Оқушылар мен олардың ата-аналарына өз өңірлерінде танымдық кездесулерге қатысу ұсынылады, бұл шаралар кезінде ОАУ қызметкерлері толық ақпараты беріп, барлық сұрақтарға жауап береді. ОАУ танымдық кездесулерінің толық тізбесі мен өткізілетін орындарымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: http://bit.ly/UCAInfoSessions-ru.
 
Сіз өтінімдер формаларын келесі сілтеме бойынша жүктей аласыз:apply@ucentralasia.org, олар 18 наурыздан кешіктірілмей берілуі тиіс. Университет қабылдау емтихандарын 3 сәуір күні өткізеді және студенттерді қабылдау туралы шешімді маусым айында жариялайды. 
 
ОАУ жоғары білім бағдарламалары туралы көбірек білу үшін келесі веб-сайтқа келіңіз:www.ucentralasia.org/admissions. Сұрақтарыңыз болса, бізге келесі электрондық мекенжай бойынша хабарласыңыз: admissions@ucentralasia.org немесе мына телефондар бойынша қоңырау шалыңыз: +996 312 663 822 (Қырғыз Республикасы), +992 93 999 99 64 (Тәжікстан)  +7 777 822 3948 (Қазақстан).