Кез келген университетке түсудің алдында қоюға қажет сұрақтар

Date: 24 February 2016
Осы мақала «Университетті таңдау» жарияланымдар топтамасының бөлігі болып табылады. Онда талапкерлер ЖОО-на түсу кезінде кездесетін мәселелер зерттеледі. Осы топтаманы Орталық Азия Университеті жариялап отыр, бұл оқу орны қазіргі уақытта 2016 жылдың қыркүйек айында өзінің студенттерінің алғашқы ағынын іріктеу үшін өтінімдерді қабылдап жатыр.
 
 
Жоғары оқу орнын таңдау әр студенттің өмірінде тағдыры үшін маңызды кезең болып табылады. Дұрыс таңдалған университет Сізге білім алу мен кәсіби мансабыңызда кемел биіктерге жетуге көмектеседі. Сондықтан бұл сұраққа мұқият қарау қажет, Сіздің өзіңіз және өзіңіздің болашағыңыз үшін ең дұрыс таңдау жасағандығыңызға көзіңізді жеткізуіңіз керек.  
 
Біз мамандық алуды жоспарлап отырған университетке түсудің алдында қойылатын бірнеше негізгі сұрақтарды ойыңызға сала кетейік:  
 
Мен оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие боламын ба?
Өкінішке орай, университетті аяқтағаннан кейін көп жағдайларда дипломы бар түлектер кәсіптік мансапқа дайын болмай жатады. Сізге оқу барысында түрлі студенттік ұйымдар, ғылыми-ассистенттің тәжірибе және/немесе жазғы тағылымдамадан өту арқылы кәсіби дағдыларды иегеруге мүмкіндік беретін оқу орнын таңдаңыз. Байқап көрсеңіз, ОАУ-де оқу кезінде Сіз үш жазғы маусым ішінде ресми түрде тағылымдамадан өтетін боласыз. Бұл ретте Сіз алған тәжірибе толық жұмыс істеу жағдайындағы сияқты бір жыл жұмысқа тең болады. Осындай білім мен тәжірибені арқалана отырып, Сіз басқа ЖОО түлектерімен салыстырғанда бәсекелестеріңіздің арасында үздік боласыз.  
 
Университеттің оқу жоспары әлемнің үздік ЖОО-ның стандарттарына сәйкес келеді ме? 
Сізге оқу жоспары әлемдік стандарттарға сәйкес әзірленген және сонымен бірге Сіздің еліңіздің немесе Сіз өмір сүретін қоғамның жағдайларына бейімделген университетті таңдау керек. ОАУ оқу жоспары жетекші халықаралық университеттерімен ынтымақтастықта және Орталық Азияның ерекшеліктерін ескере отырып, әзірленген.  
 
Мен нақты нені үйренетін боламын?
Сіз өзіңіздің таңдаған мамандығыңыздың – Сіздің ықыласыңызға сай екендігіне көзіңізді жеткізуіңіз керек. Мұны қалай істеуге болады? Ең алдымен, Сіз таңдаған мамандықтың Сіздің жеке басыңыз үшін қызығушылық тудыра ма, жоқ па екендігі туралы ойланыңыз. Содан кейін Сіз осы бағыт бойынша ғылыми дәреже алған жағдайыңызда Сіздің кәсіби өсуіңіз тұрғысынан келешегіңіз болатындығы не болмайтындығы туралы ойланыңыз. Біз ОАУ ұсынатын «Компьютерлік ғылымдар» немесе «Жер және қоршаған ортаны қорғау туралы ғылымдар» сияқты жаңа форматтағы мамандықтардың стратегиялық екендігі туралы сенімді айта аламыз. Оларды игергеннен кейін Сіз әрдайым сұранысқа ие сарапшы бола аласыз.   
 
Мені қалай оқытатын болады?
Кейбір университеттер практикадан гөрі, теорияға көп көңіл бөледі. Тәжірибеге негізделген оқу жоспары маңызды болып табылады, себебі ол студенттерге болашақта түрлі салаларда қолдануға болатын дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. ОАУ әдісінің негізінде – оқу тәжірибеден бөлінбей өткізілетін қосарлы жүйе. Студенттер нақты мысалдарға (кейстерге) негізделе отырып, оқытылады. 
 
Мені кім оқытатын болады?
Оқытушылар – университеттің аса маңызды ресурсы. Олардың біліктілігі жоғары және Сіздің табысты болуыңызға мүдделі болуына көп көңіл бөлінеді. Олардың құзыреттілігі мен зерттеушілік қызығушылықтарына назар аударыңыз – олар Сіздің өз мүдделеріңізге сай келеді ме? Докторлық дәрежеге ие оқытушылар байыпты даярлықтан өткен. Олар студенттердің өз әлеуетін ашуы үшін оларды қалай тиімді оқытып, ынталандыруды біледі. ОАУ-де профессорлық-оқытушылық құрамның 90 пайызы докторлық дәрежеге ие, олардың мақсаты – өз студенттерін табысқа жетуге бағыттанған, біліктілігі жоғары кәсіпқойларға айналдыру.
  
Мен өз оқытушыларымды қаншалықты жақсы танитын боламын?
Университеттені студенттер мен оқытушылар құрамының арақатынасының пайызы шешуші мәнге ие. Ірі университеттерде оқытушылар түрлі факультеттердің бірнеше студенттер тобына дәрістер оқиды. Өте сирек жағдайларда дәріскерлер өз студенттерімен жеке таныс болып жатады. Көптеген зерттеулердің нәтижелері оқуға жеке көзқарас, шағын топтарда оқыту студенттердің үлгеріміне тікелей әсер ететіндігін көрсетті. Оқытушылармен қатынасу, тәлімгерлік, академиялық қолдау кәсіби бағыттану мен ұсыныс хаттарды алу үшін зор мәнге ие болады. ОАУ-де студенттер мен оқытушылар санының арақатынасы 9:1 құрайды. Яғни, бір оқытушы ең көбі 9 студентке бекітіледі. Біз осындай тамаша пропорцияны қамтамасыз ете алатындығымызбен мақтанамыз.    
 
Оқу ағылшын тілінде жүргізіледі ме?
Бүкіл жаһанданған әлемде ағылшын тілін меңгеру Сізге халықаралық деңгейде бәсекелестікке ие болуға мүмкіндік береді. Алайда жай ғана ағылшын тілі оқу курстарына қатысу мен ағылшын тілін оқу ортасына толық қану арасында айырмашылық бар. Тілдік курстар Сізге сөздің қорыңызды толықтыруға және грамматиканы жақсарту көмектесетін болса, тұрақты тілдік орта – бұл Сізге шет тілін жылдам және еркін меңгеруге жағдай жасайтын құрал. Түсу үшін университетті таңдаудан бұрын оның Сізге ағылшын тілді ортада оқуға мүмкіндік беретіндігіне көз жеткізіңіз. ОАУ-де студенттер тек оқып қана қоймай, толыққанды өмір сүретін болады, сондықтан олардың тілге «толық қану» мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.     
 
Қосымша сұрақтар 
Кампустағы оқу және тұрғын жайларының қолайлығы, оқу құны, студенттік өмір дәстүрлері, тұрақты тұрып оқу шарттары туралы ақпаратты алу да маңызды болады. 
 
Орталық Азия Университетінің жоғарыда келтірілген сұрақтарға қалай толық жауап беретіндігі туралы келесі сілтеме бойынша өтіп, біліңіз: www.ucentralasia.org/admissions, бізге келесі электрондық мекенжай бойынша жазыңыз: admissions@ucentralasia.org немесе мына телефондар бойынша қоңырау шалыңыз: +992 93 999 99 64.