Орталық Азияда «Жер мен қоршаған ортаны қорғау туралы ғылымдар» дәрежесін не үшін алу керек?

Осы мақала талапкерлердің университетке оқуға түсу кезінде тап болатын мәселелер мен мүмкіндіктерді зерттейтін «Университетті таңдау» жарияланымдар топтамасының бөлігі болып табылады. Осы топтаманы Орталық Азия Университеті жариялап отыр, бұл оқу орны қазіргі уақытта 2016 жылдың қыркүйек айында өзінің студенттерінің алғашқы ағынын іріктеу үшін өтінімдерді қабылдап жатыр. Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 2016 жылдың 18 наурызы.   
 
 
Орталық Азия тауларының табиғаты сұлу жерде орналасқан кампуста білім алып, «Жер мен қоршаған ортаны қорғау туралы ғылымдар» дәрежесін алу мүмкіндігіне қалай қарайсыз? Орталық Азия Университетінің кампустары таулы аймақтарда орналасқан, бұл жерде студенттер оқытудың бірегей жағдайларында болады. Біз Орталық Азияның болашағы тау аймақтарының қауымдастықтарымен таныс білікті эколог мамандарды дайындауда екеніне сенеміз. 
 
Орталық Азия байлығының көп бөлігі табиғи ресурстарға негізделген; осы ресурстарды жете түсіну және оларды басқару даму үшін шешуші мәнге ие болады. Өңірде түрлі тұру орталары, кең жайылым жерлері мен бірегей орман ресурстары, сондай-ақ пайдалы қазбалардың зор кендері кездеседі. Мұзтаулар, өзендер мен көлдер маңызды су көздері болып табылады.   Бұл мекен - жер жұмағы, оның тау туризмі үшін әлеуеті әлі толық ашылмаған, бұл жерлерді мекен ететін түрлі қоғамдастықтар өкілдері бай мәдени дәстүрлер мен білімдер иелері болып табылады.
 
Орталық Азия таулары күнделікті өмір үшін айтарлықтай қиындықтар тудырады. Олар табиғат апаттары мен климаттың өзгеруіне көп жағдайларда төтеп бере алмайды, Ал су көздері саяси және экологиялық қауіптерге жиі ұшырайды. Пайдалы қазбаларды өндіру мен ауыл шаруашылығы маңызды салалар болып табылады, бірақ жергілікті халық оларды тіршілік етудің көздеріне айналдыру үшін көп жағдайларда дұрыс бақсара алмай жатады; туризм жеткілікті деңгейде дамымаған. 
 
«Жер және қоршаған ортаны қорғау туралы ғылымдар» атты ОАУ пәнаралық бағдарламасы (EES) түлектерді өңірлік және жаһандық проблемаларды шешуге дайындайтын болады. Түлектер экологиялық және геологиялық деректерді дұрыс түсіндіріп, табиғатты қорғау технологияларын ауа мен судың сапасына мониторинг жүргізу, қашықтан барлау мен модельдеу, сондай-ақ экологиялық проблемаларды шешу үшін әлеуметтік-экономикалық реалиялармен ғылыми білімдерді біріктіре алатын болады.
 
АҚШ пен Канаданың жектеші мектептерімен ынтымақтастықта әзірленген бағдарламаның  түлектері жаңартылатын энергетика, пайдалы қазбалар мен органикалық отынды өндіру саласындағы, сондай-ақ табиғатты қорғау саясаты, тәуекелдерді бағалау және апаттық жағдайлардың алдын алу, су ресурстарын басқару бойынша ғылыми-білімдік және мемлекеттік секторларда жұмыс істейтін корпорацияларға қажет болатын тәжірибе мен біліктілікті иеленеді. 
 
ОАУ EES оқу жоспары мамандандырылған зерттеулерді жүргізу мүмкіндіктерін ұсынады. Студенттер заманауи зерттеушілер мен гео-ақпараттық жүйелері (ГАЖ) бар зертхананы қоса алғанда, ОАУ Тау қауымдастықтарын зерттеу институтының (ТҚЗИ) ресурстарына қол жеткізе алады.
 
Орталық Азияның қоршаған ортасының қиындықтары мен артықшылықтарын түсіну үшін тауда орналасқан, студенттер үшін оқу кезінде тұрақты тұру мүмкіндігі бар университеттен басқа ең қолайлы жағдайлары бар басқа орынның болуы екіталай. Осы бірегей оқу жағдайларында білім алуды бастау үшін ОАУ-не оқуға түсіңіздер. 
 
Қосымша ақпарат алу үшін біздің веб-сайтқа келіңіздер: www.ucentralasia.org/admissions, электрондық пошта бойынша жазыңыздар: admissions@ucentralasia.org, немесе келесі телефондар бойынша қоңырау шалыңыздар: +996 770 822 901 (Қырғыз Республикасы) +992 93 999 99 64 (Тәжікстан)  +7 777 822 3948 (Қазақстан).