Сізге неліктен Орталық Азияда «Экономика» бағыты бойынша оқу керек?

Бұл мақала талапкерлер университетке түсу кезінде тап болатын мәселелер мен мүмкіндіктерді зерттейтін «Университетті таңдау» атты жарияланымдар топтамасының бөлігі болып табылады. Осы топтаманы Орталық Азия Университеті жариялап отыр, бұл оқу орны қазіргі уақытта 2016 жылдың қыркүйек айында өзінің студенттерінің алғашқы ағынын іріктеу үшін өтінімдерді қабылдап жатыр. Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 2016 жылдың 15 сәуір. 
  
 
Экономиканы қазіргі заман тұрғысынан түсіну шешімдерді қабылдау үшін үлкен мәнге ие болып отыр. Макроэкономикалық индикаторлар үкіметтердің ұлттық бюджетке қалай қарайтындығына және ірі корпорациялардың тау-кен ісі және ресурстарды басқару сияқты салаларда инвестициялық шешімдерді қалай қабылдайтындығына әсер етеді. Ең кіші деңгейде экономиканы түсіну шағын бизнеске қай кезде өндірісті кеңейту немесе бағаларды көтеру қажет екендігін айқындауға көмектеседі. Ал жеке деңгейде экономика университетке түсу туралы шешім қабылдаудың негізінде жатыр.   Сіз өзіңіздің білім алуыңыз үшін ақыны қалай төлейсіз? Бұл қанша тұратын болады? Сіздің жаңа дағдыларыңыз сұранысқа ие бола ма? Және оқуды аяқтағаннан кейін  жоғары білім Сіздің жеке экономикалық жағдайыңызды жақсартады ма?  
 
Соңғы жылдары Орталық Азияның мемлекеттері әлемдік нарықтардың өзгеріп тұруына қарамастан әсерлі экономикалық өсуді көрсете білді. Соңғы онжылдық ішінде бірнеше жыл бойы өсу қарқыны жылына тоғыз пайызға жетіп, әлемдегі ең жоғары өңірлік көрсеткіштердің бірі болды. Мұндай өсуге табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу, ауыл шаруашылығы және тауарлық-шикізаттық нарықтардағы операциялар сияқты факторлар жағдай жасады.  
 
Экономиканың жағдайын ескере отырып, экономика және халықаралық сауда саласындағы мамандарға деген сұраныс өсуін жалғастыруы таңғаларлық нәрсе емес.
Орталық Азия Университеті өзінің бакалавриат бағдарламасы үшін өңір елдері экономикасының қажеттіліктерін ескере отырып, «Экономика» атты бейіндік пәнді әзірледі. ОАУ бағдарламасы студенттерге банк саласы, халықаралық сауда, жеке және корпоративтік қаржы саласы, саясат саласында болашақта жұмыс істеу үшін аналитикалық және практикалық дағдылардың әмбебап жиынтығын ұсына отырып, нарықтық тұрпаттағы бағдарлама болып табылады.
 
ОАУ-дағы экономиканы оқытудың бірегей бағдарламасы кәсіпкерлік экономика саласында мамандануды ұсынады. Нарықты кеңінен зерттеу арқылы ОАУ  өңірдегі ЖОО оқушыларының экономикалық білім алуындағы кемшілікті анықтады: аздаған ғана түлектер кәсіпкерлік дағдыларды дамыту мүмкіндігіне ие болып отыр. ОАУ студенттері кәсіпкерлік, әлеуметтік кәсіпкерліктің жаңа, озық курстарынан өтіп, идеяларды өмір сүруге қабілетті, бизнестің тұрақты мүмкіндіктеріне түрлендіруге қажет құралдарды игеретін болады. ОАУ «Экономика» мамандығы бойынша оқуды тәмамдаған түлектер бірден жұмысқа кірісіп, жаңа жұмыс орындарын құруға дайын болады.  
 
Студенттердің Инновациялар мен кәсіпкерлік зертханасына – студенттік шаралар инкубаторына қолжетімділігі болады. Ақылы тағылымдамалар мен консультациялық жобалардың көмегімен студенттер Орталық Азия және, мүмкін шетелдік экономика бойынша мамандар кіретін желіні дамытатын болады, бұл университетті аяқтағаннан кейін негізді мансап құруға көмектеседі. 
 
ОАУ «Экономика» дәрежесінің барлық компоненттері ой-өрісі кең, өзінің арнайы дағдыларын пайдалана отырып, жұмысты бастауға және табысты кәсіпкер болуға дайын студенттерді дайындау үшін арналған.
 
Бағдарлама туралы қосымша мәліметтер  және ОАУ дипломы Сіз үшін қалай қызмет ететіндігі туралы ақпаратты алу үшін біздің сайтқа келіңіз: www.ucentralasia.org/admissions, бізге электрондық пошта бойынша жазыңыз:  admissions@ucentralasia.org, немесе мына телефондар бойынша қоңырау шалыңыз:  +996 770 822 901 (Қырғыз Республикасы); +992 93 999 99 64  (Тәжікстан); +7 777 822 3948 (Қазақстан).