Орталық Азиядан шыққан студенттер үшін қандай университеттің мамандықтары ең перспективті болып табылады?

Осы мақала «Choosing a University» жарияланымдар топтамасының бөлігі болып табылады. Онда талапкерлер арасындағы көп таралған мәселелер баяндалады және оқу үшін ең қызықты мүмкіндіктер суреттеледі. Осы мақалалар топтамасын Орталық Азия Университеті дайындап отыр, бұл оқу орны қазіргі уақытта 2016 жылдың қыркүйек айында өзінің алғашқы студенттері іріктеуге кірісіп кетті. Көптеген талапкерлердің өтініштері бойынша Университет өтінімдерді беру мерзімін 2015 жылдың 15 сәуіріне дейін ұзартты.
 
 
Орталық Азия – бұл қызықты, көп қырлы өңір, мұнда экономикалық даму үшін, соның ішінде Орталық Азияның таулы өңірлерін дамыту үшін түрлі мүмкіндіктер бар. Халықаралық деңгейдегі университет берген ең перспективті мамандықтар бойынша дипломдары бар түлектер осы мүмкіндіктерді толық пайдалана алатын болады.  
 
Мамандықты таңдау кезінде студенттерге болашаққа көз салу қажет. Өңірде тұрақты өсу байқалатын бірнеше сала бар – көп жағдайларда тау-кен өндіру саласы, мұнай-газ өнеркәсібі, туризм мен ауыл шаруашылығы аталып жатады. Аса дами қоймаған, бірақ одан келешегі еш төмендемейтін салалардың ішінде – коммуникациялар мен бұқаралық ақпарат құралдары, кәсіпкерлік экономикасы, экожүйелік қызметтер, телекоммуникациялар мен ақпараттық технологиялар. Мамандықты таңдау кезінде талапкерлерге даму беталыстарын ескеріп, төрт-бес жылдан кейін еңбек нарығында қандай дағдылар талап етілетіндігін түсіну қажет.  
 
Жоғары білім Орталық Азияның экономикалық әлеуетін барынша тиімді пайдалану үшін негізгі құрамдас болып табылады. Орталық Азия Университетінің бакалаврлық бағдарламалары осы бағдарламалар түлектері болашақта біліктілігі жоғары жұмыс табуы үшін, немесе өздері кәсіпкерлер ретінде өңір экономикасының ең перспективті салаларында жұмыс орындарын ашуға көмектесетін білімдер мен дағдыларды игеруі үшін әзірленген.
  
Еңбек нарығын жете зерттеу нәтижесінде ОАУ мамандары Орталық Азиядағы талапкерлер кейіннен жұмыс берушілерде сұранысы жоқ болып жататын мамандықтарды жиі таңдайтындығын анықтады. Өңірдің ЖОО ұсынатын мамандықтардың бағыттары еңбек нарығына қажеттілерімен бірдей болмай жатады, бұл кейбір салаларда еңбек ұсыныстарын шамадан асып кетуіне және перспективті бағыттар бойынша мамандардың жетіспеушілігіне апарады. Мансаптық келешектің жоқ болуы себебінен ЖОО түлектерінің бөлігі Орталық Азия шектерінен асып кетіп жатады, ал көпшілігі өңірде қалуға, бірақ өзінің мамандығына сай емес жұмыс істеуге мәжбүрлі болады.  
 
Университет өңірдің жұмыс берушілері қажеттіліктерінің ерекшеліктеріне қарай негізгі (major) және қосымша (minor) мамандықтар жүйесін әзірледі. Студенттердің келесі бағыттар бойынша негізгі мамандықты таңдау мүмкіндіктері болады: «Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар» (BSc, ғылымдар бакалавр дәрежесі), «Компьютерлік ғылымдар» (BSc), «Инженерлік-техникалық ғылымдар» (BSc), «Коммуникациялар және бұқаралық ақпарат құралдары» (BA дәрежесі, өнер  бакалавры), «Экономика» (BA) және «Бизнес және  менеджмент» (BA). Сонымен қатар, ОАУ студенттері жоғарыда келтірілген бағыттардың бірі, немесе келесі бағыттар бойынша қосымша мамандық таңдау мүмкіндігіне ие болады: «Даму туралы ғылымдар», «Орталық Азия туралы ғылымдар», «Жаһандану туралы ғылымдар». 
 
ОАУ-дегі оқу процесі, нақты тәжірибеден мысалдарды (кейстік жаттығулар), зертханалық жағдайлардағы эксперименттер, ұжымдық тапсырмалар мен жазғы өндірістік тәжірибені пайдалана отырып, практикалық оқыту қағидаттарына құрылған (оқу соңында студенттер мамандық бойынша бір жылдық жұмыс өтіліне ие болады). Жаратылыстану-техникалық ғылымдар мен технологияларға бөлінетін ерекше роль студенттерге Орталық Азия экономикасының түрлі салаларында табысты мансап бастай алатын техникалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.  
 
ОАУ оқу жоспарларында Орталық Азияның таулы аймақтарында бар мүмкіндіктерге көп көңіл бөлінеді. Оқыту түрлі пәндер арасында білімдерді біріктіру қағидаты негізінде құрылады. ОАУ негізгі және қосымша маманданудың кешенді бағыттарын ұсынатын алғашқы университет болады. Мұның нәтижесінде ОАУ түлектері табыс үшін қажет білімдер мен дағдыларды иеленетін болады. 
 
ОАУ оқу бағдарламалары, ОАУ қаржылық көмек бағдарламалары туралы қосымша ақпарат алу және Университеттің сізді болашақ мансабыңызға қалай дайындайтындығын білу үшін бізге электрондық пошта: admissions@ucentralasia.org, немесе келесі телефондар арқылы хабарласыңыз: +996 770 822 901 (Қырғыз Республикасы) +992 93 999 99 64 (Тәжікстан)  +7 777 822 3948 (Қазақстан).