Сізге неліктен Орталық Азияда «Коммуникациялар және БАҚ» мамандығы бойынша оқу керек?

Бұл мақала талапкерлер университетке түсу кезінде тап болатын мәселелер мен мүмкіндіктерді зерттейтін «Университетті таңдау» атты жарияланымдар топтамасының бөлігі болып табылады. Осы топтаманы Орталық Азия Университеті жариялап отыр, бұл оқу орны қазіргі уақытта 2016 жылдың қыркүйек айына өзінің студенттерінің алғашқы ағынын іріктеу үшін өтінімдерді қабылдап жатыр. Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 2016 жылдың 15 сәуірі.
 
 
Егер Сіз – жаратылысыңыздан әңгімешіл адам болсаңыз, сізге қандай да бір жағдайға әлеуметтік немесе өзге бұқаралық ақпарат құралдар түрлері арқылы нақты әсер ету ұнайтын болса, «Коммуникациялар және СМИ» мамандығы бойынша диплом Сізге осы жылдам өзгеріп тұратын салада кәсіппен айналысуды және онда өз ізіңізді қалдыруды ұсынады.  
 
Орталық Азиядағы коммуникациялар мен БАҚ секторы қызықты кезеңнен өтуде, мұндай жас кәсіпқойлар Орталық Азияның жаһандық беделін қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады. Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Қазақстан электрондық коммерция саласында өзінің қатысу үлесін арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының цифрлық технологияларын жылдам енгізуде. Кәсіпкерлер, БАҚ және үкіметтер озық технологияларды пайдалана отырып, саналы, мұқият зерделенген ақпаратты өндіруге қабілетті кәсіпқойларды жұмысқа жалдауға ұмтылады. Өңірдің өмірін өзгертетін электрондық БАҚ толқынының бір бөлігі болыңыз!
   
ОАУ «Коммуникациялар және БАҚ» мамандығы бойынша өнер бакалаврының дәрежесі Сізге осы жаңа саланың барлық артықшылықтарын пайдалану мүмкіндігін береді. Сіз мәтіндерді құру және сыни ойлау дағдыларын игеру кезінде коммуникациялар саласындағы маман сияқты ойлауды үйренесіз, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнама, кәсіби этика және Орталық Азиялық қоғамдастықтар сияқты салаларда білімдер аласыз. Сіз өндіріс дағдыларын үйрену кезінде БАҚ кәсіби қызметкері ретінде қызмет етуді үйренесіз, бұл Сізге жоғары сапалы бейне-, аудио- және графикалық өнімдерді өндіру үшін арзан мобильді және компьютерлік технологияларды қолдануға көмектеседі. ОАУ түлектері журналистика, қоғаммен байланыс, жарнама, маркетинг, коммуникациялар, мультимедиялық дизайн, медиа-өнімдер өндірісі, заңнама мен БАҚ-пен жұмыс істеуді қоса алғанда, медиа-индустрияда сұранысқа ие дағдыларды меңгеретін болады.     
 
ОАУ «Коммуникациялар және БАҚ» бағдарламасы сондай-ақ студенттерге пәндік салада  тәжірибені қалыптастыруға көмектесу үшін жұмыс істейді, бұл коммуникациялар мен бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы күшті кәсіпқойларға қажет. Сіз немен айналысасыз? Музыка, өнер, әлеуметтану, экономика, саясат немесе құқық саласы болсын - ОАУ студенті бола отырып, Сіз осы салалардың кез келгеніне деген қызғушылықты коммуникациялар және БАҚ саласындағы дәрежемен біріктіре аласыз. Сіздің тереңірек қазбалап, көптеген тақырыптарды қамту мүмкіндігіңіз болады.     
 
ОАУ бағдарламасы ағымдағы үрдістерді көрсетеді және студенттерді жұмысқа орналасудың тамаша мүмкіндіктерімен байланыстыруға бағытталған. Ақылы тағылымдамалар мен арнаулы оқу пәндері студенттерге университетті аяқтағанға дейін медиа-индустрияда айтарлықтай кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Өздерінің топтастарымен бірге тұру және оқу, интернет-журналдар, күн сайынғы подкастілер мен YouTube-тағы бейне-роликтерге қатысты бірлесіп жұмыс істеу Сізге кәсіби өзара қарым-қатынастар мен болашақ мансапты құруға көмектеседі.  
 
Қосымша ақпарат алу үшін біздің сайтқа келіңіз: www.ucentralasia.org/admissions, бізге электрондық пошта бойынша жазыңыз: admissions@ucentralasia.org, немесе мына телефондар бойынша қоңырау шалыңыз:  +996 312 663 822 (Қырғыз Республикасы); +992 93 999 99 64  (Тәжікстан); +7 777 822 3948 (Қазақстан).