Орталық Азия Университетіндегі қаржылық көмек: барлық қабілетті студенттер үшін қолжетімді білім алу

Бұл мақала «Университетті таңдау» мақалалар топтамасының бөлігі болып табылады, онда талапкерлердің арасында көп тараған сұрақтар қаралып, оқу үшін аса қызықты мүмкіндіктер сипатталады. Осы мақалалар топтамасын Орталық Азия Университеті дайындаған, бұл оқу орны 2016 жылдың қыркүйек айында оқуды бастайтын өзінің алғашқы студенттерін қабылдауды жүргізіп жатыр. Көптеген талапкерлердің өтініші бойынша Университет өтінімдерді беру мерзімдерін 2016 жылдың 15 сәуіріне дейін ұзартты.    
 
 
Жоғары білім алуға жұмсалатын инвестициялар болашаққа инвестициялаудың тиімді әдісі болуы мүмкін. Жоғары білім алудың сапалы бағдарламалары ешқашан арзан бола бермейді. Бұл ретте белгілі түрдегі қаржылық қолдаусыз Орталық Азия елдерінің көптеген талапкерлері әлемдік деңгейдегі бағдарламалар бойынша оқу ақысын төлей алмайды.  
 
Университет халықаралық деңгейдегі білімдік бағдарламаларды ұсынады. Бұл бағдарламалар бойынша оқу ағылшын тілінде, таулы аймақтарда арнайы салынған университеттік қалашықтарда – кампустарда жүргізілетін болады. Университеттің үш кампусының алғашқысы 2016 жылы Нарын қаласында (Қырғыз Республикасы) ашылатын болады. Кампус аумағында оқу корпустары, оқытушылар мен студенттерге арналған тұрғын жайлар, дәмханалар, спорттық объектілер, кітапханалар, зертханалар, демалыс және бос уақыт өткізу орындары, денсаулық сақтау қызметтері орналасатын болады. Бүкіл кампус аумағы мен барлық объектілер Интернет желісіне қосылады, ал студенттердің профессорлық-оқытушылық құрамға арақатынас коэффициенті (1-ге 9) өңірдегі ең төменгі болады.   
 
Осыған байланысты көптеген талапкерлердің ойында «Мен ОАУ-дағы оқуға ақы төлей аламын ба?» деген сұрақ туындауы мүмкін.
 
Көптеген шетелдік ЖОО сияқты, Орталық Азия Университеті алдын ала іріктеуден өткен талапкерлермен төлемақы мәселелерін қарастыратын болады. Осындай жұмыс барысында Университет талапкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді тексеретін болады. ОАУ оқу үшін төленетін ақыдан жеңілдіктер, білімдік гранттар мен біліктілік талаптарға сай келетін студенттерге білім алуға кредиттер ұсынады. Университет қызметінің қағидаты – қабілетті, үлгерімі жақсы және түрлі қоғамдық-пайдалы қызметке белсене қатысатын студенттердің  қаржылық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу мүмкіндігінің болуы тиіс екендігінде.   
 
«Кез келген қабілетті талапкер, оның қандай болсын – қалалық немесе ауылдық мектепте оқығандығына қарамастан, ОАУ-да білім алу мүмкіндігіне ие екендігінде. Студенттерді айрықша түрде олардың академиялық жетістіктері негізінде іріктеу біздің университетті нығайтуға көмектеседі, біздің кампуста оң ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді және жалпы өңірдің даму игілігі үшін қызмет ететін болады»,- деп атап өтті ОАУ қаржылық және әкімшілік мәселелер жөніндегі директоры Рахим Сомани.
 
Студентке оқу үшін төлемнен жеңілдіктер, білімдік гранттар мен оқуға кредиттер түрінде ұсынылатын көмектің ең жоғары мөлшері оқу ақысының 90%-на дейін жетуі мүмкін. Ұсынылатын көмек мөлшері туралы шешім студенттің үлгерімі негізінде жыл сайын қайта қаралады. 
 
Оқу үшін төлемақының толық мөлшерінің өзі де Университеттің нақты шығындарының 20%-ға ғана жуығын өтейтіндігін айта кету керек. Оқу үшін төлемақы ұлттық валютада белгіленген және оқу, тұру, тамақтану, медициналық қызмет көрсету және компьютерлік техниканың құнын қоса алғанда, барлық шығыстарды қамтиды.  
 
ОАУ міндеті – Орталық Азияның аса қабілетті оқушыларына халықаралық стандарттарғы білім алуға қолжетімділікті ұсыну. Университет ешбір студентке оның қаржылық жағдайы негізінде оқуға қабылдаудан бас тартпайды. 
 
ОАУ оқуға түсу туралы қосымша ақпарат алу үшін біздің сайтқа келіңіз:  www.ucentralasia.org/admissions, немесе бізге электрондық пошта бойынша жазыңыз: admissions@ucentralasia.org, немесе келесі телефондар бойынша хабарласыңыз: +996 770 822 901(Қырғыз Республикасы),+992 93 999 99 64 (Тәжікстан Республикасы), +7 777 822 3948 (Қазақстан Республикасы).