Орталық Азия Университетіне неліктен оқуға түсу керек?

Осы мақала талапкерлердің университетке оқуға түсу кезінде тап болатын мәселелер мен мүмкіндіктерді зерттейтін «Университетті таңдау» жарияланымдар топтамасының бөлігі болып табылады. Осы топтаманы Орталық Азия Университеті жариялап отыр, бұл оқу орны қазіргі уақытта 2016 жылдың қыркүйек айында өзінің студенттерінің алғашқы ағынын іріктеу үшін өтінімдерді қабылдап жатыр. Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 2016 жылдың 15 сәуірі.   
 
 
Жоғары оқу орнын таңдау сенің өміріңдегі аса маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Курстар мен ЖОО бір-бірінен ерекшеленеді, ал студенттер жоғары білім алудың түрлі бағыттарын игеруді қалайды. Ең дұрыс жолды табу көптеген күш жұмсауды талап етуі мүмкін. Саған өзің үшін ненің шын мәнінде маңызды екенін айқындап алу қажет. ЖОО ұсынатын шарттарды жете зерделеу және оларға жауаптар алу өз жемісін әкеледі. 
 
ОАУ жеке тұлғалық, кәсіби және білімдік мақсаттарға жету үшін мүмкіндіктерді жасау идеясын ұстанады. Біз Орталық Азияда инновациялар жасау мен проблемаларды шешуді көтермелей отырып, өңірдің аса өзекті проблемаларын ескеріп, бір уақытта білімдерді тереңдету және практикалық дағдыларды жетілдурімен бірге халықаралық деңгейдегі білім алуды ұсынамыз. Таңдауға болатын көптеген жоғары оқу орындары бар. ОАУ басқа ЖОО-на қарағанда несімен ерекшеленеді? 
 
ОАУ мыналарды ұсынады:  
ОАУ-де оқу студенттерге деген жеке әдіс-көзқарас. ОАУ негізгі көңіл студенттерге бөлінеді. Сондықтан оқудың шарттары мен бағдарламасы студенттердің қажеттіліктерін ескере отырып, әзірленген. Университеттегі профессорлық-оқытушылық құрамның жұмысы мен оқу процесі студенттерге практикалық дағдыларын дамытуға көмек беретін жаһандық білімдер алуға бағытталған.
 
Орталық Азиядағы таулы аймақтарда орналасқан және тұрғылықты тұрып, оқуды ұсынатын жалғыз университет. ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуын зерттеулер  кампустарда тұрып, оқитын студенттердің өз бетімен әрекет етуге жылдам қол жеткізіп, жұмысқа орналасуға қатысты табыстырақ мүмкіндіктерге ие болатындығын көрсетіп отыр. ОАУ кампустары өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді ресурстары болып табылатын таулы аймақтарда орналасқан, және сондықтан да олардың экономикалық әлеуетін ашу ОАУ білім алудың негізін құрап отыр.   
 
Топтардағы аздаған студенттер саны және студенттер мен оқытушылар санының төмен арақатынасы. Топтардағы студенттердің аз саны және студенттер мен оқытушылардың төмен арақатынасы (1-ге 9) әр студентке жеке көңіл бөлуге мүмкіндік береді. ОАУ-дегі оқытушылар халықаралық деңгейдегі біліктілікке ие, және өздерін толығымен оқу процесіне арнайды. Олар кампуста тұрады және жетекшілік тарапынан қолдау мен тереңдетілген білімдер алуды қамтамасыз ету мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша бірегей мүмкіндіктерді ұсынатын болады. Бұл студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін көптеген жылдар бойы пайдалы болатын, академиялық және кәсіби байланыстар орнатуда көмек көрсетеді.   
 
Оқудың бірегей әдісі. Тағылымдамалар, тәжірибеден алынған мысалдар, бірлескен ғылыми зерттеулер мен практикалық жобалар саған өз идеяларыңды жүзеге асыруға және оларды нақты міндеттерді шешуде қолдану мүмкіндігін ашады. Оқуды аяқтау кезінде студенттер бір жыл жұмыс өтіліне тең болатын тәжірибеге ие болады, сол себептен олар  еңбек нарығында табысты түрде ерекшеленетін болады.
 
Біріктірілген негізгі және қосымша мамандықтары бар Орталық Азиядағы жалғыз бағдарлама. Студенттерге олардың мүдделеріне арнайы бейімделген, жекеменшік, сондай-ақ мемлекеттік секторда сұранысқа ие мамандықтарды бірегей түсіну және тәжірибемен қамтамасыз ететін жоғары білім алу мүмкіндігі ұсынылатын болады.   
Студенттердің табысына ерекше бағыттанушылық. Біз ОАУ түлектерінің болашақта Орталық Азия және шет елдерде көшбасшылар болатындығына кәміл сенеміз, және осыны жүзеге асыру үшін біз өз студенттерімізге инвестициялауға дайынбыз. Біз оқытушылар және басқа студенттермен бірлесіп ғылыми зерттеулер, жетекшілік қолдау бағдарламалары, бейіндік бағыттану, ақылы тағылымдамалар және т.б. шараларға қатысуды ұсынамыз.    
 
Жеке жетістіктерге негізделген және қажеттілктерді ескеретін студенттерді қабылдау процесі. Біз қабілеттілік пен түрліліктің ОАУ қауымдастығын нығайтатындығына сенімдіміз. Біз Орталық Азияның үздік талапкерлерін. Олардың қаржылық жағдайына қарамастан, оқуға қабылдауға ұмтыламыз. Аз қамтылған тұрғындар қатарынан шыққан студенттердің іс жүзінде гранттар мен кредиттер есебінен оқу құнының 90%-на дейін жеңілдіктерді алуы мүмкін.  
 
Жаңа және заманауи объектілер мен халықаралық деңгейдегі жабдық. ОАУ тұрумен қатар, қала жағдайында болатын алаңдататын факторларсыз университетте оқу тәжірибесін алуды ұсынады. Күзетілетін корпустардың әрқайсысында тамаша дизайн бойынша салынған оқу корпустары, жатақханалар, асханалық жайлар, жабық және ашық спорттық құрылыстар, кітапханалар, ғылыми және компьютерлік зертханалар, демалыс және сауық орындары бар. Сонымен қатар, кампустар аумағында медициналық қызметтер, фитнес-залдар мен Интернетке 100% қолжетімділік және басқа да жайлылықтар болады.   
 
ОАУ қауымдастығының бөлігі болу мүмкіндігін кейінге қалдырмай, өтінімді қазір бер. Қосымша ақпарат, соның ішінде Орталық Азия Университетіне өтінімдерді беру туралы ақпарат www.ucentralasia.org/admissions сайтында қолжетімді: admissions@ucentralasia.org  немесе электрондық пошта мекенжайына хат жаза аласыз, немесе келесі телефондар нөмірлері бойынша қоңырау шалыңыз: +996 770 822 901 (Қырғыз Республикасы) +992 93 999 99 64 (Тәжікстан)  +7 777 822 3948 (Қазақстан).