Кампустағы оқу мен тұру: Орталық Азия Университетіндегі студенттік өмір

Осы мақала талапкерлердің университетке оқуға түсу кезінде тап болатын мәселелер мен мүмкіндіктерді зерттейтін «Университетті таңдау» жарияланымдар топтамасының бөлігі болып табылады. Осы топтаманы Орталық Азия Университеті жариялап отыр, бұл оқу орны қазіргі уақытта 2016 жылдың қыркүйек айында өзінің студенттерінің алғашқы ағынын іріктеу үшін өтінімдерді қабылдап жатыр. Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 2016 жылдың 15 сәуір.   
 
 
Бірінші курс студенттерін кампуста тұрып оқуға бейімделуі қиынға түсуі мүмкін. Студенттің өмірінде бір уақытта бірнеше ірі өзгерістер орын алады – студент үйінен кетіп, өз бетімен өмір сүре бастайды, оған оқуға деген саналы және шығармашылық көзқарас қалыптастырып, жаңа қарым-қатынастар орнату керек болады.  
 
Орталық Азия Университеті өз студенттеріне жаңа жағдайларға бейімделуге көмектесуге дайын. ОАУ-де өңір үшін бірегей әдіс қолданылады, бұл кезде студенттер университет аумағында оқиды және тұрады. Студенттердің оқу, өмір және тұрмыс жағдайларына бейімделуіне көмектесу үшін ОАУ түрлі қызметтер мен қолдаудың теңдессіз деңгейін ұсынады. ОАУ-де студенттік өмір мәселелері бойынша кампустағы және әр корпустағы студенттерге көмектесетін жетекшілер Student Life Advisors, SA) қызмет етеді. Жетекшілер шараларды ұйымдастыруға көмектеседі, студенттерге оқу ісінде қолдау көрсетеді, студенттерге кәсіптік бейін бойынша кеңес беріп, оларға кампус аумағында өмір сүруге көмектесетін болады. ОАУ әр студентке өзінің әлеуетін барынша ашуға көмектесуді өзінің парызы санайды.    
 
«Университет кампусы аумағындағы қауымдастықтың өмірі белсенді және қарқынды болады. Бұл жерде студенттер өсіп, дами алады. Біздің жетекшілердің жұмысы студенттердің бір-біріне үйреніп, кампустағы көптеген мүмкіндіктерді барынша пайдалана алуына арналады», - деп атап өтті бүкіл дүние жүзі бойынша университеттердің кампустарында осындай лауазымды қызмет атқарып келген студенттік өмір мәселелері жөніндегі менеджер Эрик Краусс.     
 
Өңірдің түрлі түкпірлерінен келген көптеген студенттер, олардың тарихтары мен көзқарастарының алуан түрлілігі ОАУ кампусы қауымдастығын нығайтуға көмектеседі. Кампуста тұрып оқу студенттерге жаңалықтарға деген ашық көзқарасты және жеке тұлға құқықтарын құрметтеу сезімін қалыптастыруға көмектеседі, бұл ретте студенттер қауымдастық рухы мен идеялармен еркін алмасу атмосферасын бағалауды үйренеді. ОАУ әр кампусы Халықаралық құрылыстық нормалар және ережелерге (ІВС) сәйкес жобаланып, салынған. Бұл денсаулығының мүмкіндіктері шектеулі студенттер үшін кампустардың барлық объектілеріне толыққанды қолжетімділікті ұсынады.    
 
Біздің бакалаврлық бағдарламалардың студенттері әлемдік деңгейдегі білімдік бағдарламаларға қол жеткізе алады; оқудың өзі жаңадан салынған университеттің қалашықтарында өтетін болады. Ол жерде оқытушылар да, студенттер де тұратын болады. Оқу топтарының мөлшерлері арнайы түрде шағын деңгейде құрылады - әр студенттің оқуға деген жеке көзқарасын қамтамасыз ету үшін. Бірақ, бұл ретте, халықаралық стандарттар бойынша оқу үшін студенттердің өз тарапынан да оқуға деген жауапты қарауы қажет болады. ОАУ кампусының аумағындағы өмір студенттерге оқуға деген саналы, тәртіпті көзқарасты қалыптастыруға көмектесетіндей етіп жоспарланған. Студенттер үшін бейіндік-бағыттанушылық шаралар, оқу және жүктемелерді қалай тиімді орындау керек екендігі туралы жүйелі түрдегі семинарлар мен сабақтар өткізіліп тұрады. Жетекшілер мен консультанттар студенттерге өте қатал оқу бағдарламасына бейімделуге және оқуға және болашақ кәсіптік қызметке деген саналы және шығармашылық қатынасты қалыптастыруға көмектеседі.      
 
Университет студенттердің студенттік өмірдің барлық жақтарынан рахат алуын қалайды. ОАУ әр кампусында фитнесс-клубтар, спорттық залдар, футбол алаңдары мен теннистік корттар болады. Ол жерде жетекшілер жүйелі түрде жеке және командалық жарыстар ұйымдастыратын болады. Күзетілетін тұрғын жай корпустарында жалпы пайдаланылатын жайлар, ойын бөлмелері мен демалыс бөлмелері бар, ол жерде студенттер бір-бірімен араласып, бірге оқып, оқудан тыс шаралар өткізе алады. Студенттер екі орындық модульдық бөлмелерде тұратын болады, бұл ретте бөлменің конфигурациясы студенттердің қалауына байланысты өзгертілуі мүмкін.
 
«Бөлмелердің модульдық конфигурациясы жеке кеңістіктің түрлі нұсқаларын ұсынады және, бұл ретте, жеке заттарды сақтау үшін көп орын береді», - деп түсіндіреді Эрик Краусс. «Біздің жатақханалардағы бөлмелердің дұрыс жоспарлануы – мен жалпы көргендердің ішіндегі ең үздігі». 
 
Әлемнің ең үздік университеттеріндегі оқу университеттің аумағында тұрып, оқу әдісімен жүреді – бұл ұйқыға ғана үзіліс жасап, күні бойы оқуға мүмкіндік береді. ОАУ студенттері кампустағы қызығушылықтары бойынша клубтарға кіре алады, жаңа әлеуметтік және оқу клубтарын қалыптастырып, өмір бойына қарым-қатынастар орната алады.  
 
ОАУ - не оқуға түсуге өтінімді сайтта беруге болады: www.ucentralasia.org/admissions  немесе электрондық пошта мекенжайына сұрау іберіңіз:admissions@ucentralasia.org немесе келесі телефондар нөмірлері бойынша қоңырау шалыңыз: +996 770 822 901 (Қырғыз Республикасы) +992 93 999 99 64 (Тәжікстан) +7 777 822 3948 (Қазақстан).