Орталық Азия Университетінің жазғы лагері биылғы жылы өз жұмысын жаңартады және қабілетті оқушыларды әлемдік деңгейдегі ЖОО-да оқу үшін дайындайды

Date: 18 April 2016

Орталық Азия Университеті былтырғы жылы сияқты, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Қазақстан мектептерінің оныншы сыныптар оқушылары үшін жазғы лагерьді ұйымдастырады. ОАУ инновациялық Жазғы лагеріне қатысу үшін үміткерлерді іріктеу жақын уақытта басталады.   

Лагерь өз жұмысын 20 шілдеде бастайды және кейінгі үш апта бойы – 2016 жылдың 9 тамызына дейін қатысушылар Қырғыз Республикасының Ыстықкөл көлінің жағалауында «Royal Beach» қонақ үйінде тұратын болады.  
 
 
Екінші Жазғы лагерь аясында Орталық Азия мектептерінің қабілетті оқушылары ағылшын тілі және математика пәні бойынша өз дағдыларын дамыту мүмкіндігіне ие болады және жоғары оқу орындарына оқуға түсу жөнінде қолдау мен консультациялар алады. Өткен жылы Университет 850 оқушыдан өтінімдер қабылдады, олардың ішінен 76 қатысушы іріктеліп алынды.
 
«Біздің бірінші жазғы лагеріміздің соңына біз лагерь қатысушыларының – түрлі елдер, өңірлер мен мектептерден келген балалардың математика және ағылшын тілі бойынша жоғары баллдар алып қана қоймай, бірлесіп оқу және өзара сыйластық ортасын құрғандығын үлкен қуанышпен атап өттік», - деді ОАУ Гуманитарлық және нақты ғылымдар мектебінің деканы доктор Ариф Качра. «ОАУ осы күзде нарындық кампусында басталатын өзінің бакалаврлық бағдарламалар студенттерінің алғашқы ағынын қабылдауға дайындалып жатқандықтан, біз үшін оқу мен кампуста тұруды біріктіру қолайлы орта құратынын, қатысушыларға толығымен оқу процесіне қануға және жаңа білімдер мен дағдыларды тиімді меңгеруге мүмкіндік беретіндігін іс жүзінде көрсету әсіресе жағымды болды».   
 
ОАУ Жазғы лагері ОАУ Орталық Азия республикаларының талапкерлерін халықаралық деңгейдегі жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқытуға дайындаудағы кешендік бағдарламаның құрамдасы болып табылады. Жазғы лагерь бағдарламасын жетекші халықаралық сарапшылар әзірлеген және ол Орталық Азия ерекшеліктері мен контекстіне, әрі осы өңір оқушыларына бейімделген. Ағылшын тілі оқыту тіл иеленішулері ғана емес, ағылшын тілін шет тілі ретінде оқыту жөніндегі мамандармен жүргізіледі. Математика пәнін Орталық Азияда оқытуда зор тәжірибесі бар мұғалім үйретеді.    
 
Оқытушылық және қосымша құрамның бір мүшесіне төрт оқушыдан келетін болады – бұл балаларға оқудан барынша көп пайда алуға мүмкіндік береді. Ағылшын тілі және математикадан қарқынды түрде дайындықпен қатар, мектеп оқушылары жоғары оқу орындарына түсу бойынша сабақтарға қатысады, қабылдау емтихандарын тапсыру, әңгімелесулер және шығармалар жазу бойынша даярлықтан өтеді. Кәсіптік бейін бойынша білікті мамандардың көмегімен оқушылар болашақ мансапта үлкен перспективаларды ашатын бағыттарды таңдай алады. Жазғы лагерь аяқталғаннан кейін студенттер халықаралық үлгі бойынша тестілеуден өтеді.
 
 
Жазғы лагерь шараларының бағдарламасына сыныптан тыс жұмыс бойынша оқыту да кіреді. Лагерь жұмысының әдеттегі күн тәртібіне шағын топтардағы екі ағылшын тілі және математика сабағы, спорттық сабақтар мен барлық қатысушыларға арналған кешкі оқыту шарасы кіреді. Мұндай шаралар ішінде дебаттар, Біріккен Ұлттар Ұйымы жұмысын үлгілеу, ғылыми эксперименттер, математикалық тұжырымдамаларды іс жүзінде меңгеру, ағылшын тілінде фильмдер көру және көптеген басқа іс-шаралар кіреді.   
 
ОАУ Жазғы лагеріне қатысқысы келетіндер ағылшын тілі, математика және логикалық ойлау бойынша қабылдау тестілеуінен өтуі тиіс. Тестілеу 2016 жылдың 21-22 мамырында төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша өткізіледі. Тіркелу үшін келесі мекенжай бойынша өтіңіз: http://bit.ly/UCAcamp16. Өзіңізбен бірге фотосуреті бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен туу туралы куәлікті алып келу керек. Тіркеуді аяқтағаннан және тестілеуден өткеннен кейін қатысушыларға сыйлық беріледі.    
 
Қосымша ақпарат алу үшін төменде көрсетілген шаралардың біріне келіңіз және ОАУ таратылым тізіміне жазылыңыз: bit.ly/ucacampformhttp://bit.ly/ucacampform