ОАУ жазғы лагеріне не үшін қатысу керек?

Осы жазда Орталық Азия (ОАУ) Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Қазақстан мектептерінің оныншы сынып оқушылары үшін өз есігін қайтадан ашады. ОАУ екінші жазғы лагері Ыстықкөл (Қырғызстан) жағасында 20 шілде мен 9 тамыз аралығында «Royal Beach» қонақ үйінде өтетін болады.  

ОАУ жазғы лагерінің қарқынды бағдарламасы, оқытуды ұйымдастырудағы қолданбалы әдіске бөлінетін ерекше маңыздылық, сондай-ақ белсенді әлеуметтік бағдарлама қатысушыларға көп қырлы тәжірибе алуға, жан-жақты болуға және өзінің жеке қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Өткен жылы 850 ізденуші арасынан 76 мектеп оқушысы іріктеліп алынды.  

ОАУ жазғы лагері нені ұсына алады?

Лагерьде қатысушылар оқуды жалғастыру кезінде талап етілетін дағдыларды дамыта алады. Мектеп оқушылары ағылшын тілі мен математика бойынша өз білімдерін арттырып, ағылшын тілінде сөйлейтін ортада болады, жазғы лагерьді аяқтаған кезде халықаралық үлгідегі емтиханды тапсыра алады.

Лагерьдің бір қызметкеріне бар жоғы төрт оқушыдан келетіндіктен, лагерь аясында жеке көзқарас пен оқу топтарының шағын форматы қамтамасыз етіледі. Ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қарамастан, ОАУ мамандары әр балаға көмектеседі, білімі күштірек оқушыларға қосымша тапсырмалар беріп, үлгермейтіндерге қосымша уақыт бөледі. Ағылшын тілінде сөйлейтін ортаның қалыптасуы лагерь қызметкерлері ретінде тіл иеленішулері мен ағылшын тілін шет тілі ретінде оқыту саласындағы білікті мамандар болатындығының арқасында қамтамасыз етіледі.  

Лагерьдегі жағдайды шын мәнінде қатысушыларға бейімделген деп атауға болады. ЖОО-на түсуге үш апталық даярлықтан өтуден басқа, жазғы лагерь аясында мектеп оқушылары оқу мен мамандық таңдау бағыты бойыша кеңестер алады. Оқуға түсу барысында бағыттануға және ең дұрыс жарайтын оқу орнын және оқу бағытын таңдауға көмектесетін интерактивті жаттығулардың арқасында талапкерлер өзінің болашақ мансабын құруды бастай алады.  

Сонымен қатар, қатысушылардың уақытты көңілді өткізуі үшін көптеген мүмкіндіктері болады. Коттедждерде түрлі елдерден келген оқушылар орналастырылатын болады – бұл балаларға бірігуге және өз араларында, сондай-ақ лагерь қызметкерлерімен достық қатынастар орнатуға мүмкіндік береді. Мәдени объектілерге экскурсиялар, пікірсайыстар кештері, спорттық шаралар, ғылыми-тәжірибелік және математикалық конкурстар, көркемдік жобалар мен көптеген басқа да шаралар мектеп оқушыларына бір-бірінен үйреніп, университеттік қалашық ортасында болуға жағдай жасайды.   

ОАУ жазғы лагері оқушыларға қалған талапкерлердің жанында өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі. 42 сағаттық ағылшын тілі сабақтары, 24 сағат математика сабақтары мен ағылшын тілінде сөйлетін ортаға түскеннен кейін лагерь қатысушылары ЖОО-на түсу процесімен танысып қана қоймай, өз құрдастарымен байланыстар орнату және қатынасуға дайын болады. 

ОАУ жазғы лагеріне іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі. Жазғы лагерьдің нақты өзіндік құны бір қатысушыға 1300 АҚШ долларын құрайды. Әр таңдалып алынған қатысушыға 1000 долл. мөлшерінде білімдік грант беріледі, яғни, қатысушыға тек 300 долларды ғана төлеу қажет, сонымен бірге өзінің қаржылық мұқтаждықтарын негіздей алған отбасылардан шыққан қатысушылар үшін қосымша жеңілдіктер ұсынылады. 

ОАУ жазғы лагеріне іріктеу ағылшын тілін түсіну, математиканы меңгеру және логикалық дағдыларды тексеруге шағын тестілеуден тұрады. 17 мамырға дейін тіркеліп үлгеріңіз және тестілеу аяқталғаннан кейін эксклюзивті сыйлыққа ие болыңыз. Тестілеу үш республикада 2016 жылдың 21-22 мамырында өтеді. http://bit.ly/UCAcamp16. Оқушыларға өзімен бірге паспорт/жеке куәлігінің және туу туралы куәлігінің көшірмесін алып келу керек.