Талапкерлердің өтініші бойынша Орталық Азия Университеті бакалавриат бағдарламасына қабылдау үшін өтінімдерді беру мерзімін ұзартады

Бішкек (Қырғыз Республикасы), 10 наурыз 2016 ж. -  Орталық Азия Университеті  (ОАУ) бакалавриат бағдарламасына қабылдау үшін талапкерлерден өтініштерді қабылдау мерзімін 2016 жылдың 18 наурызынан 15 сәуіріне дейін ұзартып отыр. 

Университеттің өңірдегі үш кампусының алғашқысы болатын Нарын қаласындағы ОАУ кампусы бакалавриат бағдарламаларының алғашқы студенттер ағынын қабылдау үшін 2016 жылдың 5 қыркүйегінде өз есігін ашады. Қызметінің алғашқы кезеңінде Университет төрт бағыт бойынша бакалаврлық бағдарламалар ұсынатын болады – ОАУ нарындық кампусында «Орталық Азия туралы ғылымдар» бағыты бойынша қосымша мамандық алу мүмкіндігімен негізгі маманданудың екі бағдарламасы - «Компьютерлік ғылымдар» және «Коммуникациялар және бұқаралық ақпарат құралдары» ұсынылады.     

Екі басқа негізгі мамандықтар ОАУ-нің Хорог (Тәжікстан) қаласындағы кампусында ұсынылады, ол 2017 жылдың қыркүйек айында ашылады: «Даму туралы ғылымдар» бағыты бойынша қосымша мамандық алу мүмкіндігімен, «Экономика» және «Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар». ОАУ тәжікстандық кампусында ұсынылатын мамандық бағыттарын таңдаған студенттер Нарын қаласындағы кампуста оқуды алдағы оқу жылында дайындық бағдарламасының тыңдаушылары ретінде бастайды, ал 2017 жылы Хорог қаласындағы ОАУ кампусына ауыстырылатын болады. 

«Университет талапкерлерді іріктеу кезінде қалалық, сондай-ақ ауылдық мектептердің дарынды және шығармашыл ойлайтын оқушыларынан тұратын студенттер құрамын қалыптастыруды мақсат етеді. Жаңа оқуы орны студенттерінің алғашқы ағыны әрдайым ерекше болады – бұл талапкерлер алғаш жол салушылар болады, олардың іздерімен қалғандары жүреді. Студенттерді қабылдау айрықша түрде олардың қабілеттері негізінде, қаржылық мүмкіндіктерін ескерусіз жүргізіледі. Университет студенттерге қаржылық қолдаудың кешендік бағдарламаларын ұсынады – мақсатты ақша дотациялары, білімдік гранттар мен пайызсыз несиелер», - деп мәлімдеді ОАУ оқу бөлімінің басшысы Анна Петрова-Хьюз (Хьюз ханым Қырғызстанда өсіп-жеткен және кейіннен Канаданың ЖОО-да басшылық қызметтерді атқарған).  

Қызығушылық танытқан талапкерлерге көмек көрсету үшін Университет ОАУ үш құрылтайшы мемлекеттерінде – Тәжікстанда, Қырғыз Республикасы мен Қазақстанда  ақпараттық шаралар өткізді. Бұл ақпараттық шаралар үлкен сұранысқа ие болып,  талапкерлердің өтініштерді беру процесі бойынша түрлі сұрақтары туындады. Қалалық, сондай-ақ ауылдық жерлерден келген талапкерлерге өтінішті беру үшін жеткілікті уақыт ұсыну үшін Университет өтініштерді қабылдау мерзімін 15 сәуірге дейін ұзартуды шешті.  

Қабылдау комиссиясы Тәжікстан, Қырғыз Республикасы мен Қазақстандағы жерлерге баруды жалғастырады. Университет мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына олардың өңірлерінде өткізілетін ақпараттық шаралар мен оқуға қабылдау бойынша консультацияларға қатысуға ұсыныс береді.  

Сіз өтініштің нысанын жүктей аласыз; өтініштің толтырылған нысанына қол қойып, заполненную форму заявления следует подписать и выслать по адресу apply@ucentralasia.org мекенжайы бойынша 2016 жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей жіберу керек. Өтінімді қарау құны 15 АҚШ долларын құрайды. 2016 жылдың 18 наурызына (қоса алғанда) дейін берілген өтінімдер тегін қаралады. ОАУ оқуға қабылдау емтихандары мамыр айында өткізіледі, ал іріктеу нәтижелері маусым айында жарияланады.   

ОАУ оқу бағдарламалары туралы қосымша ақпарат алу үшін веб-бетке келіңіз: www.ucentralasia.org/admissions. Бізбен admissions@ucentralasia.org электрондық мекенжай бойынша немесе +996 770 822 901 (Қырғыз Республикасы) +992 93 999 99 64 (Тәжікстан)  +7 777 822 3948 (Қазақстан) телефондары бойынша байланысуға болады. 

Орталық Азия Университеті (ОАУ) 2000 жылы құрылған. Осы меншік зайырлы оқу орнын құру туралы Халықаралық шарт пен Жарғыға Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Қазақстан Республикасының президенттері, сондай-ақ Жоғары Мәртебелі Ага Хан қол қойып, көрсетілген елдердің парламенттерімен ратификацияланды және Біріккен Ұлттар Ұйымында тіркелді. Президенттер Университеттің қамқоршылары, ал Жоғары Мәртебелі Ага Хан университеттің құрметті ректоры болып табылады. 

ОАУ міндеті – өңірдің түрлі халықтарына өздерінің мол мәдени дәстүрлерін пайдалануға және болашақтағы игілігі ретінде сақтауға көмек көрсетумен қатар, халықаралық деңгейдегі жоғары білім беруді ұсына отырып, Орталық Азияның, әсіресе оның таулы өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын ілгері жылжыту.  

Университет Ага ханның Даму желісінің жауапкершілігі мен серіктестігінің үлгісі болып табылады. ОАУ туралы қосымша ақпарат алу үшін біздің веб-сайтқа келуіңізді өтінеміз: www.ucentralasia.org.

Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжай бойынша хабарласыңыз:
НисарКешвани
Қоғаммен байланыс және маркетинг жөніндегі бөлім басшысы
Орталық Азия Университеті 
Ұялы телефон: +996 (0) 770 822 851
Электрондық пошта: nisar.keshvani@ucentralasia.org