Ыстықкөл көлінің жағасында ОАУ алғашқы жазғы лагері ашылды

Қырғыз Республикасындағы Ыстықкөл көрікті көлінің жағасында Орталық Азия Университетінің (ОАУ) алғашқы жазғы лагерінің ашылу салтанаты өтті.   

ОАУ жазғы білімдік лагеріне қатысу үшін Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Қазақстанның 76 талапты оныншы сынып оқушылары келді. Лагерьдің қатысушыларына инновациялық оқу процесі жағдайында ағылшын тілі мен математика пәні бойынша өз дағдыларын жақсарту мен отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындықтан өту мүмкіндігі берілетін болады. Лагерьдің қатысушылары болып бүкіл өңірдің 850 үміткері ішінен конкурстық негізде іріктелген Орталық Азия елдерінің дарынды мектеп оқушылары болды.    

Ашылу салтанатына Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрінің орынбасары Адилет Бекбоев мырза, ОАУ Атқару кеңесінің атқарушы төрағасы Шамш Кассим-Лакха және Тәжікстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшісі Олим Рахимов қатысты. 

«Сіздер Қырғызстанның ең көрікті жері – Ыстықкөл жағасында жинап қана қоймай, өңірдің ең үздік мектептерінің оқушыларын жинадыңыздар. Орталық Азия Университетінің арқасында біз Қырғызстан, Тәжікстан және қазақстан арасындағы туыстық қатынастарды нығайта аламыз», - деді Бекбоев. 

Жазғы лагерьдің ұжымын Орталық Азия және Ауғанстандағы білім саласындағы 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар Мырза Каримов (Қырғызстан) басқарады. Лагерь директорының орынбасары Фарра Каманидің (Канада) жастар лагерлерін ұйымдастырудағы айтарлықтай тәжірибеге ие. Жазғы лагерьдің құрамына сондай-ақ жеті елдің жиырма тәжірибелі әкімшілік қызметкерлер, педагогтар мен тәлімгерлер кіреді. Қызметкерлер санының қатысушылар санына арақатынасы төртке бірді құрайды.  

«Бұл ОАУ-нің өңірлік университет ретінде ұйымдастырған алғашқы шарасы, ол Университеттің үш құрылтайшы мемлекетінен келген талапты оқушыларды біріктірді. Осы лагерьге қатысатын оқушылар ең қабілетті үміткерлердің арасынан қатаң іріктеуден өтті. Лагерь қатысушыларға ОАУ-дегі оқыту қандай болатындығымен танысу мүмкіндігін береді, Нарын қаласындағы университет кампусы келесі жылдың қыркүйек айында өз есігін ашқалы отыр», - деді Шамш Кассим-Лакха мырза.   

Құттықтау сөздерінен кейін қатысушылардың алдында Қырғызстан халықтарының Ассамблеясы өкілдері сөз сөйлеп, Орталық Азияның таныстырылған үш республика мәдениеттерінің түрлілігін бейнелеген әртістердің өнері тамашаланды, сондай-ақ достық салатанаты көрсетілді. Сөзден кейін салтанатқа қатысушы қонақтар жазғы лагерь ұжымы және қатысушыларымен тілдесуге мүмкіндігі болды. 

«Мен осында келіп, өзімнің ағылшын тілі бойынша білімімді жетілдіре алатыныма қуаныштымын. Мен жазғы лагерь ашу – тамаша идея деп санаймын, және маған оған қатысудың құны қымбат емес екені ұнайды ,– деп өз ойымен бөлісті Көкшетау (Қазақстан) келген қатысушы Регина Маратова. – Менің ата-анам Қырғызстан табиғаты туралы әңгімелеп берді. Мен Солтүстік Қазақстаннан Ыстықкөл көліне алыс сапар жасау туралы армандаған жоқпын. Бұл жердегі табиғат өте әдемі». 

ОАУ Жазғы лагері 2015 жылдың 7 шілдесіне дейін өтетін болады. Жазғы лагерь кезіндегі сабақтар тығыз құрылған кесте бойынша жүргізіледі, оған оқу сабақтары, сондай-ақ басқа да білім алу мүмкіндіктері кіреді. Ағылшын тілін үйренуге күніне үш сағат, ал математикаға – бір сағат бөлінеді. Сонымен қатар, қатысушыларға ЖОО-на түсуге мүмкіндіктерді арттыруға көмектесетін, соның ішінде ЖОО-на өтінімдерді дайындау және беру процесіне, мансаптық қызығушылықтарды ескере отырып, бағдарлама таңдауға арналған сабақтар арқылы пайдалы ақпарат пен материалдар ұсынылатын болады. Спорттық шаралар, сахналық қойылымдар, пікір сайыстар мен серуендеулер ағылшын тілі бойынша дағдылар мен білімдерді іс жүзінде дамытуға және қолдануға, сондай-ақ лагерьге қатысушылар арасында тәжірибемен алмасуға көмектеседі.   

«ОАУ – бұл халықаралық стандарттарға ұмтылған Орталық Азиядағы   университет. Осы Жазғы лагерь сондай қағидат бойынша ұйымдастырылған. Лагерьдің бағдарламасы озық халықаралық тәжірибе, сондай-ақ Орталық Азиядағы тәжірибелер мен қажеттіліктерді ескере отырып, әзірленген, ал оқытудың өзі өңір елдерінен келген мамандар мен халықаралық сарапшылардың күшімен жүргізілетін болады», - деп түсіндірді ОАУ академиялық сұрақтар жөніндегі деканы доктор Ариф Качра.