Халықаралық және өңірлік ынтымақтастық оқытудың инновациялық бағдарламасын әзірлеуге көмектеседі

Білім саласындағы халықаралық және Орталық Азиялық өңірінің мамандары қабілетті оқушылар үшін арналған білімдік бағдарламаны әзірлеудің айналасында өз күштерін біріктірсе, қандай нәтиже шығады? 
 
«Халықаралық ынтымақтастық тиімді жүзеге асырылатын болса, ғажап болады», - деді математика бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі сарапшы Насим Джаффер. Бұл оқыту, оқу бағдарламаларын әзірлеу, мұғалімдерді дайындау және аз қамтылған отбасылар оқушыларының білімдерін жетілдіру бойынша 30 жылдық тәжірибесі бар Джаффер мен Тәжікстаннан келген математика пәнінің оқытушысы Бунёд Тусматов арасындағы тығыз қызметтестіктен көрініп тұрды.   
 
Олар Қырғызстандағы Ыстықкөл көлінің жағасында, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстаннан келген 10 сыныптың 76 оқушысының қатысуымен өтіп жатқан Орталық Азия Университетінің (ОАУ) жазғы лагері үшін Джаффер әзірлеген математика пәні бойынша оқу бағдарламасын оңтайландыру мақсатында бірігіп еңбек етті. 
 
«Мен математика пәні кейбіреулерге қиын беріледі дегенге сенбеймін. Бұл жерде оқу бағдарламасын түрлі оқыту әдістеріне бейімдеу ғана қажет, - деп сендіреді Джаффер. - Бунёд мені Орталық Азиядағы оқыту мен оқу бағдарламаларының ерекшеліктерімен таныстырды, және мен бағдарламаның жазғы лагерь қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз ете алдым». 
 
Бунёд үшін Джаффермен бірлесіп жұмыс істеу өзінің кәсіби тәжірибесін молайту мүмкіндігі болып табылды. Оқу бағдарламасындағы кемшіліктерді жою үшін Джаффер, «ықтималдықтар теориясы», «графиктерді жасау» және «сөздердің тепе-теңдік проблемасы» сияқты халықаралық деңгейде қажет етілетін тақырыптармен қатар, қатысушылардың математикалық білімдерін іс жүзінде қолдану алуы мақсатында Орталық Азия мектептерінде сирек қолданылатын интерактивтік сабақтарды қосты. Толық оқу жоспарларын құру бойынша оқуды қоса алғанда, Джаффердің оқытуы Бунёдке инновациялық оқу бағдарламасы бойынша пәнді оқыту үшін дайындалуға көмектесті. 
 
Тәжікстандық математика мұғалімі Бунёд Тусматов жазғы лагерь қатысушысына математика сабағында көмектесуде.
 
Бунёд АҚШ-тағы Ерлхам Колледжін бітіріп, экономика және математика бойынша бакалавр дәрежесіне ие болды. Сондай-ақ ол Босния және Герцеговинадағы Мостарда  Біріккен дүниежүзілік колледжінде оқыды. АҚШ-та қаржы аналитигі болып еңбек еткеннен кейін Бунёд Тәжікстанға қайтып келді, ол жерде RISK-Тәжікстан жобасының менеджер орынбасары және Душанбедегі халықаралық білім беру бойынша Америкалық кеңесте SAT-қа (академиялық қабілеттерді анықтау емтиханы) дайындау бойынша оқытушы болып жұмыс істейді.  
 
Одан неліктен ОАУ жазғы лагерінде сабақ бергіңіз келеді деп сұрағанда,  Бунёд былай деп жауап берді: «Мен Орталық Азияда тұрамын және өңірдің дамуына өз үлесімді қосқым келеді».
 
Ол өз оқушыларына қарапайым кеңес береді: «Математиканы күнделікті үйрену керек».
 
ОАУ жазғы лагері үшін ағылшын тілі бойынша оқу бағдарламасын шетелдіктерге арналған ағылшын тілінің (ESL) тәжірибелі канадалық оқытушы әзірледі. Бағдарламада дағдылар мен оқытудағы кемшіліктер ескерілген, сондай-ақ оқушылардың жазбаша тілі мен өз ойларын анық баяндау мүмкіндігіне ерекше көңіл бөлінеді. Орталық Азия елдеріндегі оқушылардың ағылшын тілі бойынша қабілеттерінің түрлі болуын ескере отырып, бағдарлама ағылшын тілі бойынша бірқатар материалдар мен дағдылары ілгері қатысушылардың өз құрдастарына көмек көрсету мүмкіндігін көздейді. Оқытуды Канада, АҚШ, Франция және Тәжікстанның төрт мұғалімінен тұратын халықаралық топ жүргізеді.    
Тәжікстандық ағылшын тілі мұғалімі Виктория Иваненко «Оқу, оқу және оқу!» қағидатын басшылыққа алып, білімге деген өзінің көзқарасының маңызды болуын алға тартады. Виктория Душанбедегі Ресей-Тәжік Славян Университетінің «ағылшын филологиясы» мамандығы бойынша оқуды тәмамдаған. Ол 2004 жылдан бастап Ресей-Тәжік Славян Университетінде, Ага Ханның «Адамтану» жобасы бойынша ағылшын тілінен сабақ берді және қазіргі уақытта – ОАУ Кәсіптік және үзіліссіз оқыту мектебінде сабақ береді, Бұл оқу орнында ол іскерлік ағылшын тілі, академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі, TOEFL бағдарламасы және сөйлеу ағылшын тілі мұғалімінің сертификатына ие болды.  
 
Тәжікстаннан келген ағылшын тілі мұғалімі Виктория Иваненко грамматика бойынша сабақ өткізуде.
 
Викторияның жазғы лагерь қатысушыларына қатысты үлкен жоспарлары бар: «Мен қатысушылармен академиялық эссе жазу саласындағы, сондай-ақ күрделі мәтіндерді қалай жеңіл үйренуге және жаңа сөздерді қалай есте сақтауға болады екендігі уралы өз білімдеріммен бөліссем деймін. Бәрінен де, мен олардың ағылшын тілін үйрену рахаттану сезімін әкеле алатындығын түсінсе деймін». 
 
Канададан келген ағылшын тілінің мұғалімі Тристан Кардвелл жазғы лагерь қатысушыларымен өзінің жеке халықаралық тәжірибесімен бөліседі. Макгилла Университетінің «халықаралық даму және экология» факультетін аяқтағаннан кейін Тристан Танзаниядағы қызметі әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ұйымның ерікті қызметкері болды, Тайваньда ағылшын тілін оқытты және өзі үшін Жаңа Зеландияны ашты. MetoWe канадалық компанияның маусымдық саяхаттар үйлестірушісі ретінде ол Никарагуа мен Эквадорға саяхаттау кезінде жергілікті қауымдастықтармен бірлесіп құрылыстық жобаларды жүзеге асыруға қатысқан ерікті студенттер тобымен бірге барды. 
 
Тайваньда ерікті қызмет ету кезінде ағылшын тіліне деген өзінің құштарлығын түсініп, Тристан оқытушылық қызметті жалғастыру үшін жуықта Сенека Колледжінде мұғалімдерге арналған бағдарлама бағыты бойынша оқуды аяқтады. Жазғы лагерь мұғалімдер тобының мүшесі болып, Тристан өз ойымен бөлісті: «Өзімнің оқытуға деген әуестігімді халықаралық даму саласындағы негізгі қызметпен ұштастыру мүмкіндігіне өте қуаныштымын». 
 
Канадалық ағылшын тілі мұғалімі Тристан Кардвелл жазғы лагерьдегі ағылшын тілі бойынша сабақта жеке көмек көрсетуде.
 
«Мұғалімдердің тәжірибелі халықаралық тобын құра отырып, біз жазғы лагеріміздің қатысушылары үшін жан-жақты және интерактивті бағдарламаны жасауды және жас мұғалімдердің әлеуетін дамытуды қамтамасыз ете алдық», - деді ОАУ академиялық сұрақтар жөніндегі деканы Арифф Качра. 
 
ОАУ Жазғы лагері 2015 жылдың 7 шілдесіне дейін өтетін болады. Оған математика және ағылшын тілі бойынша сабақтар және оқушыларға ЖОО-на дайындалу және түсу процестеріне арналған арнайы сабақтарды қоса алғанда, басқа да мүмкіндіктер, сондай-ақ ағылшын тілі бойынша дағдылар мен білімдерді іс жүзінде дамытуға және қолдануға, сондай-ақ лагерьге қатысушылар арасында тәжірибемен алмасуға көмектесетін спорттық шаралар, сахналық қойылымдар, пікір сайыстар мен серуендеулер кіреді.
 
 

Білімдерді меңгеруге арналған бағдарлама 

Орталық Азия үшін оқу бағдарламасының сапасы мен маңыздылығын қамтамасыз ету мақсатында ОАУ жазғы лагері үшін оқу бағдарламасын әзірлеушілерінің халықаралық тобы академиялық дағдылар мен проблемаларды бағалау үшін Орталық Азия елдерінің 30 мектеп оқушыларымен кездесулер өткізді. Мектеп оқушылары ағылшын тілі бойынша өз білімдері мен дағдыларын жетілдіру қажеттілігі туралы мәлімдеді, және бұл мақсатта жазба тілі, оқығанды түсіну жән өз ойын ағылшын тілінде толық баяндау дағдыларын дамыту үшін мүмкіндіктер қарастырылып, табылды. Бұл ретте мектеп оқушыларының математикаға қабілеттерінің бар екендігіне қарамастан, әзірлеушілер нақты проблемаларды шешуде өз білімдерін қолдана алуы үшін олардың дағдыларын дамыту мүмкіндігін жібермеді.   

Жасалған оқу бағдарламасы ағылшын тіліне ерекше көңіл аударып, практикалық дағдыларды дамытуға сүйенеді. Ағылшын тілінің тақырыптарына мыналар кіреді: «грамматика», «сөздік қор», «оқу стратегиясы» және «шығармалар жазу». Математика пәні бойынша бағдарламаға «алгебра», «ықтималдық теориясы», «графиктерді құру», «рационалды және түбір астылық өрнек» кіреді. Басқа шаралар да оқу мақсаттарында әзірленген, мысалы, спорттық шаралар кезіндегі математикалық білімдерді қолдану («күштерді есептеу» және «соққы бұрышы»), академиялық тақырыптағы кино кештері, сондай-ақ көркем-эстетикалық және ғылыми бағыттағы шаралар. ЖОО-на түсуге дайындалу бойынша сабақтарға тиісті дағдылар мен пайдалы материалдар кіреді. Саяхаттаулар кезінде қатысушыларға жаңа жерлер мен идеяларды зерделеу, тәжірибемен алмасу және үйренгенді рефлексиялау жүргізуге мүмкіндіктер беріледі.    

«Құрылымдастырылған және құрылымдастырылмаған оқытудың үйлесімділігі алған білімдерді іс жүзінде қолдануға бірегей мүмкіндіктер береді. Жазғы лагерь қатысушылары оқушылардың жоғары білім деңгейін қамтамасыз ету ғана емес, оларды еңбек қызметіне дайындау, игерген білімдерін іс жүзінде қолдану үшін қажет дағдылар мен білімдерге ие кадрларды дайындау сияқты ОАУ құндылықтарын өздері сезініп көрді», - деді ОАУ академиялық сұрақтар жөніндегі деканы Арифф Качра.   


Әзірленген бағдарламаға сәйкес оқыту лагерь тәлімгерлерінің көмектесуімен бес мұғалімнен тұратын топпен жүргізіледі. Басым бөлігі жақын арада ЖОО бітірген ұжым мүшелерінің жетекші ретінде әрекет етуге тәжірибесі жеткілікті. Олар жазғы лагерьдің миссиясы мен үлгісіне – құрметпен қарау және иерархиялық емес серіктестік қарым-қатынас орнату ережесіне шынайы берілген. Лагерь қызметкерлерінің лагерь қатысушылары санына арақатынасы төртке бірді құрайды, бұл жеке көзқарасты ескере отырып, оқытуды және тәлімгерлік қарым-қатынастарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.   

«ОАУ тағы бір құндылығы – біздің Орталық Азияға шынайы берілгендігіміз,- деп атап өтті Качра. Жазғы лагерьге Тәжікстан, Қырғыз Республикасы мен Қазақстанның мектеп оқушылары қатысады, ал сабақтар түрлі елдердің қатысушыларының бірге тұру, оқу, ойнау, тамақтану және жаңа білімдерді бірге меңгеруі үшін толығымен біріктірілген.  Нәтижесі керемет! ОАУ-да Орталық Азия елдерінің оқушылары өздерінің арасындағы айырмашылықтары туралы емес, көбінесе ұқсастықтары туралы айтады».

 

ОАУ жазғы лагері