ОАУ канадалық Сенека Колледжімен оқу бағдарламасын әзірлеу туралы маңызды келісімге қол қойды

Бүгін Орталық Азия Университеті (ОАУ) Торонто қаласындағы Қолданбалы өнерлер мен технологиялар Сенека Колледжімен  ОАУ-нің дайындық курсы үшін ағылшын тілі, математика және жаратылыстану бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Жоспараланып отырған бағдарлама бойынша оқытудан келесі жылы алғашқы студенттерді қабылдайтын Қырғыз Республикасының Нарын қаласындағы алғашқы кампустың студенттері өтетін болады. 
 
 
Келісімге Бішкек қаласындағы ОАУ әкімшілік ғимаратында ОАУ Кеңесі Атқару комитетінің атқарушы төрағасы Шамш Кассим-Лакха, және Сенека Колледжінің Президенті Дэвид Эгню қол қойды. Қол қою рәсіміне сондай-ақ ОАУ Бас директоры және жоғары мектеп деканы Богдан Кравченко, ОАУ академиялық сұрақтар жөніндегі деканы Арифф Качра және ОАУ-нің персоналымен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан Сенека Колледжі профессорлық-оқытушылық құрамының мүшесі қатысты. 
 
«Сенека Колледжімен қызметтестік қарым-қатынастар дайындық курсы үшін оқу бағдарламасының бөлігіндегі дамудың, сондай-ақ ОАУ профессорлық-оқытушылық құрамын толымдаудағы негізгі кезеңін білдіреді. Сенека Колледж халықаралық деңгейде қабылданған 12 жылдың орнына университетке түсуге дейін 11 жыл оқитын Орталық Азия елдеріндегі мектеп оқушыларының білім деңгейлерін арттыруға жағдай жасайды. Бұл ОАУ өзінің оқу бағдарламаларының ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкс болуын қамтамасыз ету мақсатында жасайтын бірнеше жаһандық және өңірлік қызметтестіктердің алғашқысы», - деді Шамш Кассим-Лакха. 
 
«ОАУ жасалған осы келісім Сенека Колледжінің бүкіл дүние жүзі бойынша серіктестермен қарым-қатынастарды орнату және күштерді біріктіруге шынайы берілгендігін көрсетеді. Біз ерекше академиялық бағдарламаларды әзірлеу мен жаһандық көзқарасты дамыту үшін жағдайлар жасау идеясын ұстанамыз, және де табысты ынтымақтастыққа үміттенеміз», - деді өз кезегінде Эгню. 
 
Келісім бойынша, Сенека Колледжі Орталық Азия мектеп оқушыларының университеттерде оқуға қосымша дайындыққа қажеттіліктерін бағалайды, ағылшын тілі, математика және жаратылыстану бойынша жылдық модульдерді әзірлейді, және, қажетіне қарай, оқу бағдарламасын бейімдейді. 
 
Сенека Колледж сондай-ақ біліктілікті арттыру бағдарламасын әзірлейді және, Орталық Азия және Канадада оқытуды қоса алғанда, ОАУ профессорлық-оқытушылық құрамы үшін тиісті оқуды, аудиторлық бағалау мен онлайн ресурстарын ұзақ мерзімді қолдау және бейнеконференциялық байланыс бойынша қолдау ұсынады.  
 
Дайындық бағдарламасы білімдерді жетілдіру және ОАУ-нің студенттері ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін білуі жағынан халықаралық бәсекеге қабілеттілік деңгейге жетуі, сондай-ақ университетте табысты оқу үшін ғылыми жұмыс істеу дағдыларын дамыта алуы үшін қажет жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. 12 жылдық бағдарлама бойынша оқитын талапкерлер, дайындықтың тиісті деңгейін растаған жағдайда, дайындық курсынан босатылатын болады. 
 
ОАУ және Сенека Колледжі арасындағы қызметтестік Канада Үкіметінің Сыртқы істер, халықаралық сауда және даму министрлігі мен Канададағы Ага Хан Қоры арқылы берілген қаржылық қолдауының арқасында орнатылды.
 
Үлкен Торонтоның бүкіл аумағы бойынша кампустарды ескере отырып, канадалық Сенека Колледжінің ауқымы мен түрлілігі студенттерге әртүрлі салалар үздіктерімен серіктестік қатынастар орнату, заманауи технологияны, түрлі типтік өлшемдердегі бірқатар дәрісханаларды пайдаланудың артықшылығын, сондай-ақ күндізгі және сырттай үздіксіз білім алуды таңдау құқығын береді. Білім беру икемді және қолжетімді болуы тиіс, сондықтан Сенека Колледж аудиториялық дәрістер және онлайн режіміндегі оқытудан бастап қолданбалы өнер, бизнес, қаржылық қызметтер мен технологиялар бойынша бағдарламалар шеңберіндегі практикалық оқытуға дейінгі оқытудың түрлі әдістерін қолданады.