ОАУ жазғы лагерінде Ғылыми күні аталды

Қырғызстандағы Ыстықкөл көлінің жағасындағы «Синегорье» шипажайының залдары Орталық Азия Университетінің (ОАУ) жазғы лагерінде өткізіліп жатқан Ғылым күнінің құрметіне ғылыми зертханаларға айналды.  
 
Жазғы лагерьде демалып жатқан және тәлімгерлер мен мұғалімдерден тұратын халықаралық ұжымның қарауындағы Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның 76 оныншы сынып оқушылары төрт топқа бөлінді. Түрлі эксперименттерді өткізу үшін бүкіл лагерь аумағы бойынша төрт ғылыми станция ұйымдастырылды. Әр топтың гипотеза, эксперимент жүргізу, гипотезаны бағалау және ғылыми қорытындыларды тұжарымдауы және эксперимент нәтижелері бойынша оларды  іс жүзінде қолдануын көрсету үшін жарты сағат уақыттары болды. Содан кейін топтар келесі ғылыми станцияға ауысып отырды.  
 
 
 Участники изучили химические реакции на модели действующего вулкана
 
Оқушылар төрт станцияда түрлі ғылыми пәндер мен ұғымдарды зерттеді. Екі станцияда қатысушылар өз денелерінің көмегімен зерттеулер жүргізді: биологиялық эксперимент жүргізу үшін қатысушылардан өздерінің буындық рефлекстерін зерделеу талап етілді, ал химиялық экспериментке дәмді қабылдау сезіміне түрлі факторлардың әсерін бағалау үшін дәмді көзбен қарамастан тексеру қажет болды. Станциялардың бірінде қатысушылар сабынды су және монеталардың көмегімен беттік кернеу әсерімен танысты. Соңғы станцияда қатысушылар қауіпсіз режімде істеп тұрған жанар тау моделінде химиялық реакцияларды зерттеді.  
 
Участники изучают воздействия различных факторов на вкусовые ощущения
 
«Ғылым күні біздің қатысушыларға бірқатар пәндер бойынша негізгі ғылыми ұғымдарды зерттеуге және біршама меңгерілген жаңа дағдыларды тексеріп көруге мүмкіндік берді. Эксперименттерді өткізу барысында олар алған білімдерін, соның ішінде міндеттерді шешу дағдыларын іс жүзінде қолдана алды. Гипотезаларды әзірлеу және дәлелдеу, немесе оларды жоққа шығару сыни ойлауды дамытудағы негізгі элемент болып табылады. Осының барлығына қоса, командаларда жұмыс істеу арқылы оқушылар өздерінің бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын іс жүзінде қолдана алды», - деді жазғы лагерь директорының орынбасары Фарра Камани (Канада).      
 
Студенттер эксперименттер барысында өздерінің бақылау дағдыларын қолданды, қорытындылар жасап, химиялық реакциялардың пайда болуы жағдайларын талқылады. Олар гипотезалар мен қорытындылар жасаудың, сондай-ақ гипотезаны қайтадан бағалаудың маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар қатысушылар жазғы лагерьдің алғашқы екі аптасы бойы алған математика және ағылшын тілі бойынша өздерінің білімдері мен дағдыларын қолданды.    
 
«Мен бұрын мектепте мұндай эксперименттерді ешқашан өткізбегенмін! Мен өзімді ғылым адамымын деп санамаймын, бірақ мына эксперименттер қызықты болды. Рефлекстер туралы білу аса қызықты болды, және де маған дәмдік сезімдерді зерттеу бойынша эксперимент ұнады. Мен өзім үшін жаңалықтар аштым!» - деп өз әсерлерімен бөлісті Тәжікстанның Душанбе қаласынан келген қатысушы Бибизульфия Холмаматова.   
 
«Беттік кернеуді зерттеу бойынша эксперименттің барысында бізге сабынды суы бар ыдысқа оның шетінен асып ағуы үшін тағы қанша монеталар салуға болатындығын табу қажет болды. Біздің гипотеза бойынша, бәріміз алты-ақ монета керек болады деп шештік, бірақ нәтижесінде отыз жеті монета болып шықты», - деді Қырғызстан, Бішкек қаласынан келген қатысушы Бермет Абдыкариева.    
 
«Ғылыми экспериментер қызықты болды. Рефлекстерді зерттеу бойынша биологиялық эксперимент ең қызықты болды, себебі мен өзімнің ағзам туралы жаңа нәрсе үйрендім»,- деді Қазақстанның қатысушысы, Астанадан келген Санжар Алмакин
 
ОАУ жазғы лагері 17 маусымда ашылған және өз қызметін 2015 жылдың 7 шілдесінде аяқтайды. Лагерь қатысушыларға ағылшын тілі мен математика пәні бойынша өздерінің білімдерін жетілдіру, отандық және халықаралық ЖОО-на түсу үшін қажетті және пайдалы ақпарат алу, сондай-ақ қатысушылар ағылшын тілі бойынша алған жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолданатын, басқа да жаңа білім алып, тәжірибемен алмасатын түрлі спорттық, мәдени-көркемдік бағыттағы шараларға, пікір сайыстарға, ғылыми және мәдени саяхаттауларға қатысу мүмкіндігін береді.