Жазғы лагерь қатысушылары оқытудың түрлі әдістерін пайдаланды

Қырғызстандағы Ыстықкөл көлінің жағасындағы «Синегорье» шипажайының соқпақ жолдарында қызу әңгіме естілді. Пансионаттың Орталық Азияның қақ жүрегінде орналасқандығына қарамастан, осы жерде тек ағылшын тіліндегі сөздер естілді.
 
Қызу әңгімені өздерінің Орталық Азия Университетіне қатыстығын белгілейтін ашық қызғылт сары футболкалар киген студенттер тобы жүргізіп отыр. 850 ізденішулер арасынан іріктелініп алынған, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Қазақстаннан келген 76 талапты оқушылар 2015 жылдың 17 маусымынан 6 шілдесіне дейін өткен  жазғы лагерьге қатысты. 
 
Summer camp participants playing a narrative game during lunch break.
 
Жазғы лагерьдің қызметі халықаралық ұжымның күшімен қамтамасыз етілді. Лагерь қатысушыларға ағылшын тілі және математика бойынша білімдерді жетілдірудің, ЖОО-на түсу бойынша қажет және пайдалы ақпарат алудың, сондай-ақ белсенді түрде дем алып, түрлі шараларға қатысудың бірегей мүмкіндігін берді. 
 
Текелі қаласынан келген жазғы лаегрьдің қатысушысы Виктория Артющенко лагерьді ұсынылған бірегей мүмкіндік ретінде сипаттады: «Бар жоғы бір аптаның ішінде менің ағылшын тілім айтарлықтай жақсарды. Тіпті математика сабағының өзінде мен жаңа сөздер үйрендім! Мен көптеген балалармен достастым, біз бір-бірімізге көмектесіп, көп нәрсені үйрендік». Виктория Текелі қаласының №3 орта мектебінде оқиды және университетті аяқтағаннан кейін шетелде аудармашы болғысы келеді. 
 
US English Instructor Samina Lakhani working one-on-one with students during class.
 
«ОАУ жазғы лагері оқу дәрісханалары болсын, белсенді түрде дем алу немесе тіпті қатысушылар өз тәжірибесі және идеяларымен бөлісетін шаралар шеңберінде болсын,   оқу үшін көптеген мүмкіндіктерді ұсынды», - деді жазғы лагерь директоры Мырза Каримов (Қырғызстан). 
 
Қатысушылардың ағылшын тілі бойынша білімдерін жетілдіру ағылшын тілі бойынша 42 сағаттық сабақты және толығымен ағылшын тілінде сөйлйтін ортаға қанықтыруды көздейтін жазғы лагерьдің негізгі элементі болып табылды. 
 
“Орталық Азия – түрлі халықтардың отаны. Бұл жерде орыс және ұлттық тілдерде сөйлейді, ал көптеген адамдар екі немесе тіпті үш тілде де сөйлейді. Дамып бара жатқан жаһандану жағдайында ағылшын тілі – оны меңгерген адамдар үшін есіктерді ашатын тағы бір тіл, - деді ОАУ академиялық сұрақтар жөніндегі деканы Арифф Качра. – Көптеген университеттер, соның ішінде ОАУ ағылшын тілінде оқытуды ұсынады. Ағылшын тілінде сөйлейтін ортаға қанықтыру әдісі қатысушылардың әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін қаптамасыз етудегі жазғы лагерьдің негізгі элементі болып табылады». 
 
Өткізілу барысында қатысушылар бірін-бірі бақылаған жарыс түріндегі сауықтыру бағдарламасы қатысушылардың жауапты көзқарасын қамтамасыз етті. 
 
«Лагерьдің басында қатысушылар «Монополия» ойынында пайдаланылатын 100 «доллардан» алды. Ұжым мен қатысушылар ағылшын тілінде сөйлемеген кез келген адамнан бір «долларды» талап етуге құқылы болды, - деп түсіндірді ОАУ жазғы лагерь бағдарламасының менеджері Малайка Джайлз. 
 
Лагерь сондай-ақ қатысушылардың білімдері мен дағдыларының түрлі деңгейлерін ескеретін және жаңа білімдерді дәрісханадан тыс жерде қолдануға мүмкіндік беретін оқу бағдарламасы бойынша математика пәнінен 24 сағаттық сабақты көздеді. Ағылшын тілі және математика сабақтарында бәрінен де бұрын тапсырмаларды орындаған қатысушылар қосымша, күрделірек тапсырмалар алды. Сондай-ақ қосымша көмекті қажет ететін қатысушылар үшін да математика пәні бойынша қосымша сабақтар өткізілді. Ойын-сауық-мәдени шараларға математикалық ұғымдарды қолдану, мысалы, футбол және волейбол ойнау кезінде соққының күшін және бұрышын есептеу кірді.  
 
Tajik teacher Bunyod Tusmatov challenging students with new mathemical concepts in English.
 
Тәжікстанның Душанбе қаласынан келген Нигина Холова жазғы лагерьде ұсынылатын мүмкіндіктерді қуана пайдаланды: «Мен үшін ағылшын тілін осы тілдің иеленушілерімен бірге үйренген маңызды болды. Мектептен тыс жағдайда оқып, білімдеріңді басқа елдерден келген құрдастарыңмен бірге іс жүзінде қолданған өте қызықты. Біз ағылшын тілі және математика бойынша білімдерімізді жетілдіріп қана қоймай, ЖОО-на түсуге де дайындаламыз, бұл менің медициналық университетке түсу бойынша жоспарларымды ескере отырып, мен үшін өте пайдалы болды».  
 
Нигина – ОАУ жазғы лагеріне қатысу үшін Қырғызстанға бірінші рет келген көптеген мектеп оқушыларының бірі болды. Оған бәрінен де ағылшын тілі бойынша сабақтар мен кешкі шаралар ұнады. 
 
Жазғы лагерьдің арқасында Қырғызстан, Куршабтан келген Бурмакан Джакыпова ағылшын тілінде сенімдірек сөйлей бастады: «Менің мінезім аздап ұяң, бірақ мен көптеген лагерь қатысушыларымен достастым және ағылшын тілі сабақтарында сенімді жауап бере бастадым. Лагерьден кейін батылдау боламын деп ойлаймын, және ағылшын тілінде көбірек кітап оқимын». Бурмаканның жазғы лагерьге қатысуындағы мақсаты - өзінің ағылшын тілі бойынша білімін жақсарту болды. Ол Мәскеу немесе Қырғызстандағы ЖОО-ның біріндегі халықаралық қатынастар факультетіне түсуге үміттенеді.  
 
Volleyball was one of many sports activities at the UCA Summer Camp where students practiced mathematical concepts while having fun.
 
«Алдында маған ағылшын тілінде сөйлеу қиындау болды, ал қазір, менің ойымша, менің осы тілде сөйлеуім алға басты, - деді Тәжікстанның Душанбесінен келген Мурод Коимдодов. - Маған пікір сайыстар өте ұнады, өйткені біз түрлі тақырыптарды талқыладық, және де бұл сыни ойлау қабілетінің дамуына көмектесті». 
 
Мурод әлі болашақ мамандығын таңдаған жоқ, бірақ өзінің ағылшын тілі және математика бойынша білімін жақсартып, оқуын Қазақстанда немесе Жер орта теңізде жалғастыруға үміттенеді. 
 
Students making paper aeroplanes as part of an interactive activity during an evening session on how to choose a good University.
 
Лагерь қызметкерлерінің мен қатысушыларының арақатынасы төртке бірді құрады, және жеке әдістер мен көзқарасты қолдануға, шағын топтарда оқытуға мүмкіндік берді. Әдеттегідей, талқылау және басқа да шаралар кезінде үш-төрт қатысушыдан тұратын топ бір тәлімгермен толықтырылды. 
 
«Мұндай көзқарас қатысушыларға сөйлеу тілін дамытуға, ал бізге – қатысушылармен байланыс орнатуға мүмкіндік берді», - деп түсіндірді ОАУ жазғы лагерінің тәлімгері  Амина Фидай (Канада). 
 
Жазғы лагерьдің көптеген қатысушылары басқа елдерден келген өздерінің құрдастарымен жақсы қатынастар орнатты. Бір коттеджде түрлі елдерден келген бірден төртке дейін қатысушы тұрды, ал лагерьдің шараларына қатысу міндеті болып табылды, бұл қатысушылар арасында тәжірибемен алмасуды қамтамасыз етті. 
Мурод өзінің жаңа достарынан нені үйренгендігімен бөлісті: «Мен Қырғызстан және Қазақстанның көптеген мектеп оқушыларымен таныстым. Біз бір-бірімізге көптеген әңгімелер айтып, өзіміздің мәдениеттеріміз туралы баяндадық. Барлығымыз Орталық Азиядан болғандықтан, біз арамыздағы айырмашылықтардан гөрі, ұқсастықтарды көбірек таптық».