OPIC Хорог, Тәжікстан қаласындағы ОАУ екінші кампусының құрылысына ұзақ мерзімді қолдау көрсетеді

Date: 29 October 2015
Орталық Азия Университеті Тәжікстандағы кампус құрылысы бойынша жұмыстарды қарқынды екпінмен атқаруда және оны 2017 жылға қарай аяқтауды жоспарлап отыр, бұл ретте негізгі қаржы салымдарының жалпы сомасы 94,4 млн. долларды құрайды.    
 
Ага Ханның даму жөніндегі Ұйымы (AKDN) бөлген 64,4 млн. долларға қосымша, Ага Хан Қорының берген 7,5 млн. долларды есепке ала отырып, АҚШ Үкіметі жанындағы қаржы корпорациясы – Меншік шетелдік инвестициялар корпорациясы (Overseas Private Investment Corporation, OPIC) Хорог қаласындағы кампус құрылысының бірінші кезегін жүзеге асыруға 30 млн. доллар ұсынды. AKDN ұйымымен жүргізілетін серіктестік аясында OPIC екінші рет қолдау көрсетуде: бұрынырақ қаржылық көмек Карачи (Пәкістан)  қаласындағы Ага Хан Университетінің госпиталін кеңейту үшін көрсетілген болатын.  
 
Хорог қаласындағы (Тәжікстан) Орталық Азия Университеті кампусының бас жоспары.
 
«OPIC үлесі қаржы тұрғысынан аса салмақты болып табылады, бірақ сонымен қатар ОАУ қойған мақсаттарға, сондай-ақ салынатын объектілер мен академиялық бағдарламалардың сапасына деген сенімділікті көрсетеді. Бұл, әрине, университеттің әлеуетті серіктестері үшін жақсы ынталандыру болып табылады. Біз құрылтайшы-мемлекеттердің дамуына маңызы тең, ұқсас ғимараттары бар және бір стандарт бойынша бірдей масштабтағы үш кампусты салып жатырмыз. Біз негізгі зияткерлік қозғаушы күш болып, өңірдің басқа ЖОО-ның өз стандарттарын арттыруы үшін ұқсағысы келетін үлгілі университет боламыз», - деп атап өтті ОАУ Кеңесінің атқарушы комиетінің атқарушы төрағасы және Қырғыз Республикасындағы AKDN дипломатиялық өкілдігінің басшысы Шамш Кассим-Лакха.  
 
Биіктен көрініс: Хорог қаласындағы ОАУ кампусы құрылысының бірінші кезегі 2015 жылдың маусым айында басталған жер үстілік бөлігін құру бойынша жұмыстардың басталуынан бері өз келбетіне ие бола бастады
 
ОАУ толыққанды қызмет еткен кезінде ол Тәжікстанда, Қырғыз Республикасы және Қазақстандағы кампустарға ие болады. OPIC инвестициялары ОАУ-нің Нарын қаласындағы (Қырғыз Республикасы) кампус құрылысының жетістіктерін толықтырады. Оның ашылуы 2016 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр.  Осы кампустың құрылысы AKDN ұйымының қаржылық қолдауымен жүргізіледі. Хорог қаласындағы кампус 2017 жылдың қыркүйек айында ашылады, бұдан кейін 2019 жылы Текелі қаласында (Қазақстан) үшінші кампустың ашылуы жоспарланып отыр. 
 
Хорог қаласындағы ОАУ оқу кампусы құрылысының ағымдағы күйі (2015 жылдың қазан айы)
 
ОАУ бакалавриат бағдарламасына алғашқы студенттерді тарту процесі басталды. Бакалавриат бағдарламасының аясында ұсынылатын алғашқы мамандықтар болып мыналар табылады: «Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар», «экономика» (Хорог қ.), «компьютерлік ғылым», «коммуникациялар және БАҚ» (Нарын қ.). Текелі қаласындағы кампусты ашқаннан кейін «Инженерлік-техникалық ғылымдар» және «бизнес және басқару» бағыттары бойынша мамандықтар ұсынылатын болады.  
 
Хорог қаласындағы жатақханалар құрылысының ағымдағы күйі (2015 жылдың қазан айы)
 
«Жергілікті деңгейде қолжетімді сапалы жоғары білім Орталық Азиядағы орта тобының өкілдері үшін маңызды демеу болып табылады.  
 
Орталық Азия Университетінің өңірдегі қызметі оқушыларды серпінді өзгеріп отырған еңбек нарығына сенімді қатысу үшін қажет білімдер және дағдылармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. OPIC  өңірдегі ұзақ мерзімді оң әсерін тигізеді деп үміттендіретін ОАУ-нің күш-жігерін қолдау туралы өзінің шешімімен мақтанады», – деп атап өтті OPIC президенті және атқарушы директоры Элизабет Литлфилд.
 
Қазіргі уақытта Хорог қ. кампус құрылысы теңіз деңгейінен 2 200 метр биіктікте орналасқан учаскеде толық қарқынмен жүріп жатыр. Құрылысшыларға арналған асхана мен дәрігерлік пунктіні қосқанда, құрылысшыларға арналған заманауи әкімшілік-тұрмыстық объектілердің құрылысы ағымдағы жылдың шілде айында аяқталды. Құрылыс алаңындағы ауқымды дайындық жұмыстарымен қатар құрылыстың бірінші кезегіне ауданы 15 000 м2 (оның ішінде кітапхана, дәрісханалар, компьютерлік зертхана, фойе, әкімшілік кеңселер, сондай-ақ кездесулерді ұйымдастыруға арналған жай, кеңселер мен профессорлық-оқытушылық құрамға арналған тұрғын жайлар орналасады) үш қабатты оқу корпусы, халықаралық стандарттарға сай  студенттік жатақханалар, зертхана, мәдени-сауықтыру корпус пен спорттық ғимараттар кіреді. 
 
«Университет кампустары алыстағы қалаларда, олардың аз қамтылған таулы қауымдастықтар үшін жоғары білім беру арқылы даму орталықтары болып қызмет ету, жергілікті кәсіпорындармен өзара әрекеттесу арқылы инновацияларды жасау, сондай-ақ аз қамтылған қауымдастықтар мен жақсы дамыған өңірлік орталықтар арасында көпір қызметін орындайды деген  стратегияны ескере отырып, орналасқан, - деді ОАУ қаржы директоры Рахим Сомани, – Кампус құрылысы кезінде 300 жаңа жұмыс орнын, сондай-ақ университет қызметінің басталуынан бері 100-ге жуық тұрақты жұмыс орнын ашуды қоса алғанда, Хорог қаласындағы кампус құрылысының Тәжікстан экономикасына әсері 25 жыл ішінде 275 млн. долларды құрайтын болады». 
 
2006 жылы ОАУ бірінші істеп тұрған құрылымдық бөлімшесі – Кәсіптік және Үзіліссіз Оқыту Мектебі (КҮОМ) ашылды. Сол кезден бері КҮОМ бүкіл өңірден 80 000 тыңдаушыны оқытты, соның ішінде жартысы Тәжікстанның азаматы. Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында ОАУ КҮОМ оқу орталығы жастар мен ересектерге арналған курстар мен оқытуды, сондай-ақ ЖОО оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұсынады.   
 
ОАУ гуманитарлық ғылымдар бойынша инновациялық оқу бағдарламалары мен оқытушылар біліктілігін арттыру бағдарламаларын ұсынатын Ага Ханның «Адамтану» жобасы (АХАЖ) Душанбе қаласында орналасқан. Қазіргі уақытта АХАЖ курстарын бүкіл Орталық Азия бойынша 74 оқу орнында 600 оқытушы жүргізеді, ал тыңдаушылар саны 13 000 адамға жетті.  
 
ОАУ құрылымында үш ғылыми-зерттеу институты қызмет етеді. Таулы өңірлерді зерттеу институтының қызметі Орталық Азияның таулы аудандары мен қауымдастықтарындағы проблемаларды шешу және мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған. Мемлекеттік басқару және саясат институты әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы мемлекеттік саясат бойынша ынталандырушы, инновациялық және сапалы ғылыми зерттеулер жүргізуге жәрдем көрсетеді. Мәдени мұра және гуманитарлық ғылымдар бойынша бөлім ОАУ негізгі міндеттерінің бірін - өңір халықтарына болашақ ұрпақтарының игілігі болып табылатын өздерінің бай мәдени дәстүрлері мен мұрасын сақтауға және дамытуға көмек көрсетуді жүзеге асыруға бағытталған ғылыми зерттеулердің жүргізілуіне жағдай жасайды.   
 
ОАУ 1992 жылдан бастап экономикалық серпінді, саяси тұрақты, зияткерлік тұрғыдан қағылез және мәдениеті сан түрлі Орталық Азияның иігілігіне қызмет етіп келе жатқан AKDN құрылымына кіреді. 
 

 
Анықтама:
Орталық Азия Университеті
Орталық Азия Университеті 2000 жылы құрылған. Осы меншік зайырлы университеттің Халықаралық шарты мен Жарғысына Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Қазақстан Республикасының Президенттері мен Жоғары Мәртебелі Ага Хан қол қойған. Бұл құжаттар құрылтайшы мемлекеттердің парламенттерімен ратификацияланып, Біріккен Ұлттар Ұйымында тіркелді. ОАУ міндеті – халықаралық деңгейдегі жоғары білім беру, сондай-ақ инновациялық идеялары жергілікті қауымдастықтарға көмек көрсетуге және өңір экономикасына нақты үлес қосуға қабілетті көшбасшы-мамандарды дайындау. ОАУ туралы қосымша ақпарат алу үшін www.ucentralasia.org сайтын қараңыз.
 
Ага Ханның Даму жөніндегі Ұйымы 
Бұл қауымдастықтар мен азаматтардың, әсіресе, Орталық және Батыс Африкада, Орталық және Оңтүстік Азияда және Таяу Шығыста өмір сүру деңгейін жақсарту бөлігіндегі мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында жұмыс істейтін даму бойынша меншік, конфессионалдық емес агенттіктер желісі. AKDN ұйымының даму жөніндегі он агенттігі өз қызметін ұлты, жынысы, шыққан тегі немесе дініне қарамастан, барлық азаматтар үшін әлеуметтік, мәдени және экономикалық дамуға бағыттаған. AKDN негізін қалаушы стимул ретінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына жәрдемдесу этикасы табылады. AKDN туралы қосымша ақпарат алу үшін: www.akdn.org
 
АҚШ-тағы Ага Хан Қоры (AKF)
АҚШ-тағы Ага Хан Қоры даму бойынша меншік коммерциялық емес халықаралық ұйым болып табылады, оның қызметі дүние жүзінің кедей өңірлеріндегі кедейшілікті азайтуға бағытталған. Қор Африка мен Азиядағы өмір сапасын арттыру мақсатында ұзақ мерзімді инвестициялар жасау, мекемелер құру, сондай-ақ азаматтық қауымдастықты белсендендіру үшін қауымдастықтар, кәсіпорындар, үкіметтер және қоғам озаттарымен ынтымақтастық орнатады. Жалпы адамзатты сүю қағидатын басшылыққа ала отырып, қор адамдардың жынысы, шыққан тегі мен дінге сенуіне қарамастан, адамдар үшін жарқын болашақты құруда қауымдастықтарға көмек көрсетеді. АҚШ-тағы Ага Хан Қоры туралы қосымша ақпарат алу үшін: www.akfusa.org
 
Меншік шетелдік инвестициялар корпорациясы (OPIC)
Меншік шетелдік инвестициялар корпорациясы (OPIC) – АҚШ Үкіметінің жаныдағы қаржы мекемесі. Ол дамудың сыни проблемаларын шешу үшін меншік капиталды жұмылдырады, сондай-ақ АҚШ сыртқы саясатын және ұлттық қауіпсіздік басымдықтарын қолдайды. OPIC АҚШ меншік секторымен жұмыс істейтіндіктен, ол американдық компанияларға дамып келе жатқан нарықтардағы бәсекелестік күресте, ел ішіндегі, сондай-ақ оның шектерін тыс жерде табыстарды арттыру мүмкіндіктерін кеңейту, жұмыс орындары мен өсу қарқындарын көбейтуге көмек көрсетеді. OPIC өз міндетін инвесторларға қаржыландыру ұсыну, саяси тәуекелдерді сақтандыру, сондай-ақ басқа көздерден коммерциялық қаржыландыру алу мүмкін болмаған жағдайда меншік инвестициялық қорларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырады. OPIC корпорациясы 1971 жылы АҚШ Үкіметінің құрамында тәуелсіз орган ретінде құрылған және өз қызметін салық төлеушілердің ақша қаражаттарын тартусыз өз қаражаттары есебінен жүзеге асырады. Барлық OPIC жобалары қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ жұмысшылар құқықтары мен адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық нормаларға сәйкес келеді. Жоғары стандарттарды ұстана отырып, OPIC жобалар жүзегег асырылатын елдердегі салалардың өсуіне және стандарттардың артуына жағдай жасайды. OPIC қызметтері дүние жүзінің 160 аса елдеріндегі жаңа және дамып келе жатқан коммерциялық кәсіпорындары үшін қолжетімді. https://www.opic.gov/