ОАУ-не тапсырыстар қабылдайтын онлайн-жүйе: Жиі қойылатын сұрақтар

1 Маған Орталық Азия Университетіне (ОАУ) тапсырыс қабылдайтын онлайн-жүйемен қай браузерде жұмыс істеген жақсырақ?
ОАУ-не тапсырыс қабылдайтын онлайн-жүйемен бәрінен де Internet Explorer браузерінде жұмыс істеген жақсырақ. Сонымен қатар Google Chrome немесе Firefox браузерлерін пайдалануға болады.


2 ОАУ-не тапсырыстар қабылдайтын Онлайн-жүйеге қалай тіркеле аламын?
Жүйеге тіркелу үшін http://www.ucentralasia.org/apply-online сілтемесі арқылы жүруді өтінеміз, ол жүйеге кіретін бетке әкеледі.


3 Онлайн-тапсырысты дұрыс толтыру үшін не істеуім керек?
Әр бетте келтірілген нұсқаулықтар мен кеңестерді орындаңыз. Бұл кеңестер тапсырыста барлық ақпаратты көрсетуге көмектеседі. Біз тапсырыс толтыруға кіріспес бұрын кіріспе талаптармен (талапкерлерге қойылатын талаптармен) танысуды ұсынамыз. Тапсырыс толтыруға байланысты қадамдар туралы қысқаша ақпаратты http://www.ucentralasia.org/Admissions/HowToApply/KZ сілтемесі арқылы таба аласыз.


4 Егер онлайн-тапсырысқа кіре алмасам, немесе менде сұрақ пайда болса менің кімнен көмек сұрауыма болады?
Онлайн-тапсырыс толтыруға және жіберуге байланысты барлық сұрақтарды apply@ucentralasia.org электрондық поштасының мекен-жайына жіберуге болады.


5 Алғаш рет тапсырыс беріп отырған болсам, менің не істеуім керек?
Егер сіз бұл жүйені алғаш рет пайдаланып отырған болсаңыз, онда сіздің есептік жазба жасауыңыз керек, ол үшін «Жаңа пайдаланушы» сілтемесі арқылы жылжисыз. Жүйе сізден электрондық поштаңыз бен құпиясөзіңізді көрсетуді сұрайды.


6 Егер менде электрондық пошта жоқ болса мен есептік жазбаны интернет арқылы жасай аламын б?
Жоқ. Тіркеу жазбасын жасау үшін сізде электрондық пошта болуы тиіс. Онлайн-тапсырыс толтыруға кіріспес бұрын міндетті түрде электрондық пошта ашыңыз.

Есіңізде болсын: Электрондық поштаңыздың атауы мен таңдаған құпиясөзіңізді ұмытып қалмас үшін онлайн-тапсырыс толтырар алдында оны бір жерге жазып қойыңыз. Алдағы уақытта бүкіл ақпарат сізге дәл сол электрондық пошта мекен-жайына жолданады.

ЕСКЕРТПЕ: Өзіңіз университетке түсу процесіңіздің бүкіл барысында (онлайн-тапсырыс толтыру және оны қарау барысы туралы ақпарат алу) пайдаланатын электрондық поштаңыздың мекен-жайын көрсетіңіз.


7 Құпия сөзді қалай жасаймын? Белгілер санына қатысты қандай да бір шектеу бар ма?
Қауіпсіздік мақсатында құпия сөз кем дегенде ішіндегі бір арнайы белгімен (@, #, $, %) және бір цифрмен қоса 7 белгіден тұруы тиіс: (мысалы, Bishkek@12). Өз құпиясөзіңізді есіңізде сақтаңыз.


8 Есептік жазба жасай алғанымды менің қалай білуіме болады?
Сіздің электрондық поштаңызға растау хат жолданады. Егер тіркелгеннен кейін бірнеше сағат ішінде сізге растау-хат келмесе, өз электрондық жәшігіңіздегі Spam/Junk ("Спам") бумасын тексеріңіз. Егер растау-хат ақыры келмеген болса бізге apply@ucentralasia.org поштасына хат жазыңыз.


9 Онлайн-тапсырыс толтыру барысында қате жібермес үшін менің не істеуім керек?
Сіздің тиісті нұсқаулықтарды орындауыңыз және пайда болған ескертпелерді мұқият оқып шығуыңыз керек. Сіз тапсырыстың әртүрлі тарауларын толтырған кезде жүйе сізге көмек көрсетіп жөн сілтеп отырады, сол жөн сілтеулерді орындасаңыз ол сізге тапсырысты дұрыс толтыруға және тапсырыс беруге себін тигізеді.


10 Менің жеке ақпаратым берілген бетті қалай жасауым керек? Әрі қарай не істеймін?
Ол үшін Сіздің келесі амалдарды орындауыңыз керек:

  1. Өз электрондық поштаңызға келген растау хатты ашыңыз. Осы хатта көрсетілген сілтемемен жүріңіз, ол сізді жүйеге кіретін бетке алып келеді;
  2. Өз электрондық поштаңыз бен құпиясөзі енгізіңіз (тіркелгенде көрсеткен мекен-жай мен құпиясөзіңізді пайдаланыңыз);
  3. Экранда сіздің жеке ақпаратыңыз бен ағымдағы хабарласу деректері көрінеді, егер сіз жүйеге алғаш рет кірген болсаңыз.