ОАУ-не тапсырыстар қабылдайтын онлайн-жүйе

Құрметті Талапкер,

Бұл нұсқаулық Сізге Орталық Азия Университетіне түсуге онлайн-тапсырысты толтыруға көмектеседі.

Кеңестер

  1. ОАУ түсуге онлайн-тапсырыспен жұмыс үшін біз Internet Explorer браузерін пайдалануды ұсынамыз. Бұдан өзге, тапсырысты Firefox немесе Google Chrome браузерлерінен қарауға болады.
  2. Тапсырысты толтыруға кіріспес бұрын кіріспе талаптармен (талапкерлерге қойылатын талаптармен) танысыңыз.
  3. Егер сіз тапсырыстар қабылдайтын Онлайн-жүйеге тіркеліп қойған болсаңыз, 1-ші қадамды орындамауға болады.

1 қадам: Есептік жазбаны тіркеу

  1. Университеттің келесі сайтындағы ОАУ-не түсуге онлайн-тапсырыс формасын ашыңыз: www.ucentralasia.org/apply-online
  2. Осы сілтемемен жүре отырып, сіз жүйеге кіретін бетке кіресіз. 1 суретте көрсетілгендей есептік жазбаңызды тіркеу үшін "New User" ("Жаңа пайдаланушы") таңдаңыз.
  1. Тиісті жолда өз электрондық поштаңыздың мекен-жайы мен құпиясөзіңізді көрсете отырып, есептік жазба жасаңыз.
  2. Сіздің құпиясөзіңіз кем дегенде ішіндегі бір арнайы белгімен (@, #, $, %) және бір цифрмен қоса 7 белгіден тұруы тиіс: (мысалы, Bishkek@12).
  3. Тінтуірді "Register" ("Тіркелу") түймешігіне әкеліп шертіңіз, сонда сіз көрсеткен электрондық поштаның мекен-жайына тіркелгеніңізді растаған хабарлама жіберіледі. Егер сізге ондай хабарлама келмесе, өз электрондық жәшігіңіздегі Spam/Junk ("Спам") бумасын тексеріңіз.
  1. Растау-хатты ашыңыз және алынған сілтемеге жіберіңіз, Осыдан соң сіз жүйеге кіру бетіне тап болсасыз (1 суретті қараңыз).
  2. Өз электрондық поштаңыз бен құпиясөзі енгізіңіз. Тіркелгенде көрсеткен мекен-жай мен құпиясөзіңізді (2 сурет) көрсетіңіз. Тінтуірмен "Login" ("Кіру") түймешігін шертіңіз.

ЕСКЕРТПЕ

Өзіңіз университетке түсу процесіңіздің бүкіл барысында пайдаланатын электрондық поштаңыздың мекен-жайын көрсетіңіз.

Тек бір электрондық пошта мекен-жайын көрсетіп, тек бір есептік жазба жасаңыз.

Егер тіркелген соң сіздің поштаңызға бірнеше сағат ішінде растау-хат келмесе, онда келесі сілтеме бойынша хабарласып, бізден көмек сұрауыңызға болады: apply@ucentralasia.org.

2 қадам: Жеке бет жасау

  1. Сіз өзіңіздің есептік жазбаңызға кіргеннен кейін экранда келесі беттер пайда болады (3a және 3b суреттерін қараңыз):
  1. Тапсырыс ресімдеу үшін 3b суретінде көрсетілгендей өзіңіздің жеке деректеріңізді көрсетіңіз.

Егер City/Town ("Қала") терезесіндегі ұсынылған қалалар тізімінен сіз өз қалаңызды таппасаңыз, онда өз қалаңыздың атауын қолмен енгізіңіз.

Тінтуірмен "Save" ("Сақтау") түймешігін шертсеңіз, сіз келесі бетке көшесіз.

  1. New Application ("Жаңа тапсырыс") беті сізге бағдарлама мен осы бағдарлама ұсынылған елді таңдау мүмкіндігін береді.

Өзіңіз бакалавриат бағдарламасын таңдап алғаннан кейін, тінтуірмен "Create Application" ("Тапсырыс қалыптастыру") түймешігін шертіңіз – жүйе растауға сұраныс экранына алып келеді (4 суретті қараңыз).

Егер сіз өз таңдауыңызға сенімді болсаңыз "Yes" ("Иә") түймешігін шертіңіз.

ЕСКЕРТПЕ

Тапсырыс қалыптастырылғаннан кейін оны жоюға болмайды.


Келесі бетте сізге баламалы бағдарламаны таңдау, сосын "Save & Next" ("Сақтау және келесі бетке көшу") түймешігін басу ұсынылады.

  1. Сіз баламалы бағдарламаны таңдағаннан кейін, келесі беттерге көшесіз, онда сіздің қажетті ақпаратты көрсетуіңіз керек болады.

І қадам: Аттестаттар мен сертификаттар

Осы бетте (6 сурет) сіз өзіңіздің барлық аттестаттарыңыз бен сертификаттарыңызды көрсетуге тиіссіз. Мысалы:

  • Certificate/degree ("Білім") тарауындағы 11 сыныптан бастаңыз (мысалы, "Орта білім туралы аттестат" және т.б. көрсетіңіз).
  • Осы аттестатты /сертификатты алған оқу орнының атауын көрсетіңіз.
  • Осы аттестатты /сертификатты алған елді көрсетіңіз.
  • Аяқтаған жылды көрсетіңіз.
  • Ағылшын тілі мен математикадан бағаларыңызды көрсетіңіз.

Если итоговые оценки еще не были выставлены, выберете "Results Awaited" ("Ожидание результатов").

Егер тағы бір аттестат/сертификат қосқыңыз келсе, "Save & Add New Qualification" ("Сақтау және аттестат/сертификат қосуды") басыңыз. Осыдан соң беттің төменгі жағында сіз көрсеткен деректер берілген кесте пайда болады (ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз).

Өзіңіздің алған аттестаттарыңызды / сертификаттарыңызды көрсетіп болғаннан кейін, "Save & Next" ("Сақтау және келесі бетке көшуді") басыңыз.

Жүйе автоматты түрде келесі бетке көшеді.


ІІ қадам: Өзіңіз бітірген қосымша оқу курстарын көрсетіңіз

Сіз үштен артық емес қосымша оқу курстарын көрсете аласыз. Егер ешқандай қосымша оқу курстарын бітірмеген болсаңыз, онда тек "Save & Next" ("Сақтау және келесі бетке көшуді") басыңыз.

Осыдан соң беттің төменгі жағында сіз көрсеткен деректер берілген кесте пайда болады (ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз).

Барлық қосымша курсты көрсетіп болғаннан кейін "Save & Next" ("Сақтау және келесі бетке көшуді") басыңыз.

Жүйе автоматты түрде келесі бетке көшеді.


III қадам: Сыныптан тыс шараларға (қоғамдық шараларға) қатысқаныңызды көрсетіңіз:

Сіз үштен артық емес қоғамдық шара көрсете аласыз. Егер ешқандай сыныптан тыс шараға қатыспаған болсаңыз, онда тек "Save & Next" ("Сақтау және келесі бетке көшуді") басыңыз.

Сіз сыныптан тыс шараларды (қоғамдық шараларды) көрсеткеннен кейін "Save & Add New Qualification". ("Сақтау және қосуды") басыңыз. Осыдан соң беттің төменгі жағында сіз көрсеткен деректер берілген кесте пайда болады (ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз).

Барлық сыныптан тыс шараларды (қоғамдық шараларды) көрсеткеннен кейін "Save & Next" ("Сақтау және келесі бетке көшуді") басыңыз.

Жүйе автоматты түрде келесі бетке көшеді.


IV қадам: Ата-ана / қамқоршылар туралы ақпаратты көрсетіңіз

Бұл тарауда екіден артық емес тұлға көрсетуге болады.

Қажетті деректерді енгізіп болғаннан кейін тағы бір адам туралы ақпарат енгізгіңіз келсе "Save & Add New Qualification" ("Сақтау және қосуды") басыңыз. Осыдан соң беттің төменгі жағында сіз көрсеткен деректер берілген кесте пайда болады (ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз).

Барлық керекті ақпаратты енгізіп болғаннан кейін "Save & Next" ("Сақтау және келесі бетке көшуді") басыңыз.

Жүйе автоматты түрде келесі бетке көшеді.


V қадам: Басқа бағдарламаларға қатысқаныңыз туралы ақпаратты көрсетіңіз

Өзіңіз қатысқан барлық бағдарламаларды, сондай-ақ түскіңіз келетін басқа университеттерді көрсеткеннен кейін "Save & Next" ("Сақтау және келесі бетке көшуді") басыңыз.

Жүйе автоматты түрде келесі бетке көшеді.


VI қадам: ОАУ-не түсетін жазбаша емтиханды қай жерде тапсыруды жоспарлағаныңызды; ОАУ туралы қайдан білгеніңізді көрсетіңіз; сонымен қатар "Ережелер мен шарттарды" қабылдайтыныңызды көрсетіңіз.

Тапсырысты жөнелту

ОАУ түсуге толтырылған онлайн-тапсырысты жіберер алдында сіз онда көрсетілген ақпаратты редакциялай аласыз. Қажетті өзгерістер енгізу мен ақпарат қосуды сіз тек онлайн-тапсырыс жіберілгенге дейін ғана жасай аласыз.

Тапсырысты жіберер алдында алдыңғы беттерде көрсетілген барлық ақпаратты тексеріп шығуды сұраймыз.

Ақпаратты тексеріп болған соң "Save" ("Сақтауды") басыңыз

"Submit" ("Тапсырысты жөнелту") түймешігін басыңыз. Осыдан соң сіздің электрондық жәшігіңізге тапсырыс көшірмесі көрсетілген тиісті растау-хат жолданады.

Сонымен қатар сіздің apply@ucentralasia.org электрондық пошта мекен-жайына растау құжатын жіберуіңіз қажет болады. Қажетті растаушы құжаттар тізімін https://ucentralasia.org/Admissions/Index/KZ